Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Поэзия,  менімен егіз бе едің?!"  қалалық онлайн өлең оқу байқауы
10
февраль
2021
"Поэзия, менімен егіз бе едің?!" қалалық онлайн өлең оқу байқауы
Қазақ поэзиясының Хан Тәңірі, ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың 90-жылдық мерейтойына орай "Поэзия,  менімен егіз бе едің?!" тақырыбында  қалалық онлайн өлең оқу байқауы өткізілді  Алматы қаласы, Алатау ауданына қарасты №178 мамандандырылған лицейдің тәлімгері Тілеужан Әбілқайырдың  ұйымдастыруымен, ҚР Жазушылар одағының қолдауымен Мұқағали Мақатаевтың 90-жылдығына орай ақынның өлеңдерін оқудан  "Поэзия,  менімен егіз бе едің?!" тақырыбында 4-11 сынып  оқушылары арасында қалалық онлайн өлең оқу
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің онкүндігі аясында өткен ашық сабақ
10
февраль
2021
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің онкүндігі аясында өткен ашық сабақ
2021 жылдың 10 ақпанында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің онкүндігі аясында Усентаева Бағлан 9 «З» сыныбында қазақ тілі пәнінен «Биотехнологияның негізгі бағыттары және отандық жетістіктері. Сабақтас құрмалас сөйлем» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Мұғалім сабақ барысында оқушылардың оқылым, жазылым дағдыларын дамыта түсу үшін тиімді әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, оқу мақсатына қол жеткізді. 
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің онкүндігі аясында өткен ашық сабақ
10
февраль
2021
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің онкүндігі аясында өткен ашық сабақ
2021 жылдың 10 ақпанында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Женсикбаева Назгүл   7 "Ғ" сыныбында "Тәуелсіз Қазақстан" тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақ барысында оқытудың тиімді әдіс-тәсілдері, сандық білім беру ресурстары ұтымды қолданылды. Оқушылар сессия залдарында топтық жұмыстар жасады. "Крест-нөл" әдісі, кластер құру, "google" формада құрастырылған тапсырмалар орындады. Оқушылармен кері байланыс жасалды.
"АЛТЫН ЖҮРЕКТІ АНАМЫЗ" эстафетасы
10
февраль
2021
"АЛТЫН ЖҮРЕКТІ АНАМЫЗ" эстафетасы
Алматы қаласы Алатау ауданы №178 мамандандырылған лицейде  "Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы" атты апталықтың іс-шара жоспарын жүзеге асыру барысында 2021 жылдың 10 ақпан күні  "АЛТЫН ЖҮРЕКТІ АНАМЫЗ" тақырыбында 5-11 сыныптар арасында эстафета өткізілді. [media=https://youtu.be/sSP5-8hPBJc]