Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Материалы за Январь 2021 года » Страница 3
Хабарландыру!
21
январь
2021
Хабарландыру!
Құрметті ата-аналар! 2021 жылдың 22 қаңтар күні Алматы қаласы Алатау ауданы №178 лицейде сағат 15:00-де 5-11 сынып ата-аналарына жалпы ата-аналар жиналысы онлайн режимде өтеді. Күн тәртібі: 1.«Баланың бас ұстазы –  ата-ана» психолог маманның кеңесі;  2. «Аралас оқыту форматында мектеп пен ата-ананың ролі». Баяндамашы ДОІЖО К.С.Шажабаева 3. І жартыжылдық бойынша лицей жетістіктері. Баяндамашы ДОІЖО Н.Е.Досқожаева  4. Лицейдің ішкі тәртібі.  Баяндамашы ДТІЖО Б.Н.Кутумов
"Көркемсөз шебері" онлайн өлең оқу байқауы
20
январь
2021
"Көркемсөз шебері" онлайн өлең оқу байқауы
Лицейіміздің 10 "В" сынып оқушысы, өзін-өзі басқару "Ел жастары" ұйымының мүшесі және ұйымдастырушысы Нурумкулова Айзада аудандық "Көркемсөз шебері" онлайн өлең оқу байқауына қатысып, І орын иегері атанды. Талантты оқушымызды лицей директоры Шадиев Қайратбек Хамзаханұлы марапаттап,  білім алып жатқан ордасына үлес қосып, қоғамдық жұмыстарға белсенді түрде атсалысып  жүрген оқушымызға өзінің зор алғысын білдірді. Лицей абыройын асқақтататын дарынды да, талантты оқушыларымыз көп болсын! 
XVI республикалық "Зерде" конкурсы (қалалық кезеңі)
19
январь
2021
XVI республикалық "Зерде" конкурсы (қалалық кезеңі)
Бастауыш және орта буынды оқушылардың интеллектуалдық-шығармашылық әлеуетін және танымдық қызығушылықтарын ынталандыру мен оларға қолдау таныту мақсатында "Дарын" республикалық ғылыми -практикалық орталығы оқушылардың зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстарының XVI республикалық "Зерде" конкурсын /қалалық кезеңі/ өткізді. Осы конкурсқа қатысқан №178 лицейдің 5-сынып оқушысы Умирзакова Амина физика, техника секциясы бойынша ІІІ дәрежелі диплом иегері атанды. Жоба жетекшілері: Шажабаева
"Кемел келешек кілті - ұлттық тәрбиеде" тақырыбында сынып сағаттары өтті
19
январь
2021
"Кемел келешек кілті - ұлттық тәрбиеде" тақырыбында сынып сағаттары
Жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар негізінде жан-жақты және үйлесімді дамыған тұлға тәрбилеу мақсатында №178 лицейдің 5-11 сыныптарында 19 қаңтар күні "Кемел келешек кілті - ұлттық тәрбиеде" тақырыбында сынып сағаттары өтті.  
"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы" іскерлік ойын өткізілді
16
январь
2021
"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы" іскерлік ойын өткізілді
2021 жылдың 15 қаңтар күні 9-10 сынып оқушыларының қатысуымен  жас ұрпақтың бойында "Сыбайлас-жемқорлық” деген ұғымы туралы түсінік  қалыптастыру, жағдаяттарға өз көзқарастарын білдіру, дүниетанымдарын кеңейту және  өз ойларын еркін жеткізе білу қабілеттерін дамыту мақсатында №178 лицейдің "Адал ұрпақ" клубының  жетекшісі А. Хамзаның ұйымдастыруымен  "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы" іскерлік ойын өткізілді. Іс-шара барысында  шартты проблемалық жағдаяттық тапсырмалар берілді. Қатысушылардың
International Game-Competition "British Bulldog" in English
15
январь
2021
International Game-Competition "British Bulldog" in English
Congratulations! Republican Scientific and Practical Center "Daryn" on the 28th and 31st of December in 2020, held an International Game-Competition "British Bulldog" in English. The purpose of the competition is to develop students' interest in the English language and to allow participants to assess their knowledge. Pupils of the 3rd and 11th grade from educational Institutions of the Republic of Kazakhstan took part in the British Bulldog competition. Of course,  pupils from our lyceum № 178
"Өрт қауіпсіздігі, техника қауіпсіздігі" тақырыбында сынып сағаттары өткізілді
12
январь
2021
"Өрт қауіпсіздігі, техника қауіпсіздігі" тақырыбында сынып сағаттары
№178 лицедің 5-11 сынып оқушыларымен "Өрт қауіпсіздігі, техника қауіпсіздігі" тақырыбында сынып сағаттары өткізілді. Сынып сағатының мақсаты: Оқушылардың өрт қауіпсіздігі, техника қауіпсіздігі ережелері туралы білімдерін арттыру, үнемі сақ жүруге, ең басты құндылық – адамның өмірі екенін естен шығармауға баулу.