Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Қазақ математика олимпиадасы
24
январь
2021
Қазақ математика олимпиадасы
"Қазақстан математика пәні мұғалімдері қауымдастығы" 2020 жылы алғаш рет III кезеңнен тұратын, 2 онлайн кезең және 3-кезеңі Алматы қаласында өтетін қазақ математика Олимпиадасын бастады. 2-тур жеңімпаздары жаз айында Алматы қаласында атақты жаратылыстану-математика саласының академиктерімен өткізілетін математикалық лагерьге тегін жолдама алды, ал 3-турдың жеңімпаздары бағалы сыйлықтарға (ноутбук, планшеттер) ие болды.Осы олимпиаданың жеңімпазы №178 мамандандырылған лицейдің 9 "З" сынып оқушысы
"Еңбек түбі - береке" тақырыбында конференция өтті
24
январь
2021
"Еңбек түбі - береке" тақырыбында конференция өтті
Лицей тәлімгері Әбілқайыр Тілеужанның ұйымдастыруымен "Еңбек түбі - береке" тақырыбында оқушылармен конференция өткізілді. Конференцияның мақсаты: оқушылардың еңбекке деген құлшынысын арттыру және ата-аналары мен ұстаздарының өлшеусіз еңбектерін бағалауға баулу. Оқушылар слайдта көрсетілген суреттерге мінездеме беріп, өздерінің пікірлерін білдірді.
"Атадан қалған асыл сөз" тақырыбында мақал-мәтел сайысы
24
январь
2021
"Атадан қалған асыл сөз" тақырыбында мақал-мәтел сайысы
№178 мамандандырылған лицейде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Б.Ертуғанованың ұйымдастыруымен аталардан қалған ұлағатты ғибрат аларлық сөздерді балаларға ұғындыру, ұлттық дүние таным негіздерін қалыптастыру мақсатында 5 сыныптар арасында "Атадан қалған асыл сөз" тақырыбында мақал-мәтел сайысы өтті.
9 және 11 сыныптар офлайн режимде білім алуда
24
январь
2021
9 және 11 сыныптар офлайн режимде білім алуда
Лицейіміздің 9 және 11-сынып оқушылары ІІІ тоқсанда карантин талаптарын сақтай отырып, оқу жылының екінші жартыжылдығын офлайн режимде  бастаған болатын. Оқушыларымыз карантин талаптарын толықтай сақтайды. Сондай-ақ, екі ауысым бойынша оқушылар І және ІІ топқа бөлініп, қоңырауға белгіленген кесте бойынша шығады.