Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады
03
май
2020
Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады
   Алматы қаласы Алатау ауданы №178 лицейдің қашықтықтан оқыту кезеңіндегі 5-10 сыныптар бойынша 06.04.2020 - 30.04.2020 уақыт аралығындағы білім сапасының қорытындысы бойынша Daryn.online платформасында оқушылардың рейтингісі шығарылды.    Орын алған оқушылар лицей директорының мақтау қағазымен марапатталды. Бұл шара қашықтықтан оқытуда оқушыларға мотивация беріп, білім алуға қызығушылықтарын арттырады деген сенімдеміз. 
5 "В" сыныбы: Біз біргеміз! Біз үйдеміз!
03
май
2020
5 "В" сыныбы: Біз біргеміз! Біз үйдеміз!
     Бүкіл әлемді шарпыған дерт Қазақстанды да айналып өткен жок. Қазақстан азаматтарының өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында елімізде төтенше жағдай жарияланды. Еліміздегі төтенше жағдайға байланысты өзіміздің және басқалардың қауіпсіздігі үшін үйде болайық! Біз біргеміз! Біз үйдеміз!
Республикалық Дәстүрлі Интернет және Ұлттық Интернет Олимпиада
03
май
2020
Республикалық Дәстүрлі Интернет және Ұлттық Интернет Олимпиада
    Қашықтықтан Республикалық Дәстүрлі Интернет және Ұлттық Интернет Олимпиада сайттары ұйымдастырған физика пәні бойынша өткізілген олимпиадаға лицейіміздің оқушылары мен мұғалімдері қатысып, І және ІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталды.       Жетекшісі: физика пәні мұғалімі Жумагулова Сагила Абдуллаевна.       Оқушыларымыз бен мұғалімдерімізді айтулы жеңістерімен құттықтаймыз!
8 "А" сыныбының оқушылары алғыс білдіреді
03
май
2020
8 "А" сыныбының оқушылары алғыс білдіреді
     8 "А" сыныбының оқушылары қашықтықтан оқыту жүйесіне байланысты барлық мүмкіндікті жасап отырған лицей директоры Шадиев Қайратбек Хамзаханұлы мен барша пән мұғалімдеріне өздерінің алғыстарын білдіреді.
"Сегіз қырлы, бір сырлы" онлайн байқауы
03
май
2020
"Сегіз қырлы, бір сырлы" онлайн байқауы
     Сәуір айының 6-25 аралығында "Өнеге" интеллектуалды білім порталының Республикалық қашықтықтан онлайн режимінде өткізілген "Сегіз қырлы, бір сырлы" байқауына қатысқан оқушыларымыз Бас жүлде иегерлері атанып, лицей намысын абыроймен қорғады.       Сондай-ақ жетекшілері Абыканова Манар, Асанова Гүлшат, Кутумов Берік есімді мұғалімдеріміз ұйымдастырушылар тарапының алғыс хаттарымен марапатталды.