Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
#ҮйдеБолыңыз:  Дене шынықтыру пәні мұғалімі Утешова М.Қ.
22
апрель
2020
#ҮйдеБолыңыз: Дене шынықтыру пәні мұғалімі Утешова М.Қ.
   Балалардың өз бетінше іс-әрекеттерінің маңызды түрі - таңғы жаттығулар. Таңғы жаттығу біздің бәрімізге қажет, әсіресе балаларға пайдалы. Әрине, балаларды белгілі бір тәртіпке, гигиеналық талаптарды орындауға үйрете отырып, біз ағзаға пайдалы дағдыларды қалыптастырамыз және сол арқылы олардың денсаулығын сақтаймыз.     Назарларыңызға дене шынықтыру пәнінің мұғалімі М.Қ. Утешованың балалармен бірге жасайтын жаттығулар топтамасын ұсынамыз.
Шахмат үйірмесінің бүгінгі тақырыбы: Артық пешка
22
апрель
2020
Шахмат үйірмесінің бүгінгі тақырыбы: Артық пешка
          Төтенше жағдай енгізілген жағдайға байланысты лицейдегі үйірме жұмыстары онлайн түрінде өткізілуде. Солардың ішінде шахмат үйірмесіне қатысып отырған оқушылардың белсенділігі мен олардың қызығушылығы қазіргі кезде бәсеңдеген емес, қайта өзге форматта виртуалды тақта мен фигулармен онлайн ойындар ұйымдастырылып, түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. Шахмат үйірмесінің жетекшісі Амонбоев Сино жеңіске жетудің құпиясымен бөлісті: "Шахматта жеңіске  жету үшін 1 пешка артық болса жеткілікті",-
EGEMEN QAZAQSTAN: Оқушылар денсаулық саласында қолданатын роботтар жасауды жоспарлауда
22
апрель
2020
EGEMEN QAZAQSTAN: Оқушылар денсаулық саласында қолданатын роботтар
    2020 жылғы 22 сәуірде республикалық "Егемен Қазақстан" газетінде №178 лицейде қашықтықтан өтіп жатқан робототехника үйірмесінің жұмысы туралы онлайн мақала жарияланды. Бұл мақалада Робототехника үйірмесіне қатысушылардың қазіргі кезде әлемде болып жатқан пандемия кезеңінде енгізілген төтенше жағдайда радиожүйе арқылы басқарылатын, адамдардың дене қызуын өлшейтін және оны залалсыздандыруда қолданатын робот ойлап шығаруды жоспарлап отырғандығы айтылады. Мақаланы оқыңыз! Бізбен бірге болыңыз!!!