Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Интеллектуалдық ойын
12
март
2020
Интеллектуалдық ойын
     «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 2020 жылы 12 наурыз  күні  №178 лицейде 7-сыныптарда «Менің болашағым - гүлденген Қазақстан» тақырыбында интеллектуалдық ойын өткізілді.       Мақсаты: Ата-бабамыздың тәуелсіздік жолындағы ерлігін үлгі етіп, өз Отанын сүюге, еліне, халқына қызмет етуге, оқушыларды болашақ Қазақстанның гүлденуіне өз үлестерін қосуға тәрбиелеу; Оқушыларды өз бетінше ізденуге, ойларын еркін жеткізе білуге үйрету; Ой-өрісін, тілін, ойлау қабілетін дамыту;
"Абай өлеңдерінен әдеби-танымдық оқу эстафетасы"
12
март
2020
"Абай өлеңдерінен әдеби-танымдық оқу эстафетасы"
    Қазақ тілі мен әдебиеті пәні кафедрасының онкүндігі барысында "Абай өлеңдерінен әдеби-танымдық оқу эстафетасы" өткізілді. Мақсаты - Абайдың өмірі мен шығармашылығын таныта түсу, өлеңдері арқылы эстетикалық тәрбие беру.    5-7-сынып оқушылары арасында өткізілген сайыста бірде-бір оқушы еш мүдірместен, Абай өлеңдерін бірінен-соң бірі жалғастырып, мәнерлеп айта білді. Болашақта да Абай өлеңдерін тек жаттап қана қоймай, бойына сіңіріп, рухани шабыттана айтатын шәкірттеріміз көп болғай!    
"Технокубок"  бағдарламалау олимпиадасы
12
март
2020
"Технокубок" бағдарламалау олимпиадасы
   8-11 сынып оқушыларына арасындағы Н. Э. Баумана атындағы Мәскеу физика-техникалық мемлекеттік университетінің және Mail.Ru Group компаниясының ұйымдастыруымен өтетін "Технокубок" жыл сайынғы бағдарламалау олимпиадасына №178 лицейдің 11 сынып оқушысы Солдатбай Әли қатысып, жүлделі ІІІ орынды жеңіп алды. Олимпиада Ресей жоғары оқу орындарының көпшілігіне түсу үшін жеңілдіктер ұсынады, өйткені РСОМ тізбесіне кіреді және I (ең жоғары) деңгейі бар (Ресей Федерациясының ғылым және жоғары білім