«Құқық бұзушылықтың алдын алу – басты міндет»
Құқық бұзушылықтың алдын алу - басты міндет. Осыған орай лицейімізде 2020 жылдың 24 қаңтар күні 5 сыныптардағы жасөспірімдерге қоғамдағы келеңсіз жайттардан сақтану, Азаматтық Кодекс туралы түсінік қалыптастыру, ішкі тәртіп талаптарын орындау мәселелері шеңберінде кездесу сағаты өтті. Бұл кездесуге Алатау аудандық Полиция бөлімінің кәмелетке толмағандар жөніндегі жасөспірімдер инспекторы А.Б.Бапанов, сондай-ақ директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, сынып жетекшілер қатысты.