Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Кәсіптік бағдар беру жұмысы
18
январь
2020
Кәсіптік бағдар беру жұмысы
   №178 лицейде кәсіптік бағдар беру жұмысы жоспарлы түрде лицей әкімшіліктерімен келісе отырып жыл бойы жүргізіліп келеді.    Кәсіптік бағдар беру — қоғамның қажеттілігіне қарай әрбір оқушының қабілеттілігі мен бейімділігін ескере отырып, кәсіпке қызығушылығын қалыптастыруға және болашақ мамандығын саналы түрде таңдауға көмектесуде, мақсатты атқарылатын жұмыс. Кәсіптік бағдар беру жұмысы жас ұрпақтың саналы түрде болашақ мамандығын қателеспей таңдауға мүмкіндік жасайды.
«Ел жастары» клубының белсенді оқушылары аудан сайысынан «Бас Жүлде» иегері атанды
18
январь
2020
«Ел жастары» клубының белсенді оқушылары аудан сайысынан «Бас Жүлде»
     «Ел жастары» клубының белсенді оқушылары №149 мектебінде Қазақ және Әлем классигі Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай «Мен және менің ұйымым» атты сайысынан «Бас Жүлде» иегері атанды.       Оқушыларымыз ІІ турдан тұратын сайыста мүдірмей, таныстырумен бастап, Абайдың 18 қара сөзіне көрініс қойды.      Осы уақытқа дейін аудан көлемінде өткен сайыстарда, І-ІІ тоқсан аралығында 9-10 сынып оқушылары бастап берген дара жолды, 7-8 сынып оқушылары жаңа ІІІ тоқсанда әдемі жалғастыра білді.