«Тәуелсіздік - қазағымның төлқұжаты» атты тақырыпта мерекелік іс-шара
2019 жылдың 13 желтоқсан күні №178 лицейде «Тәуелсіздік – қазағымның төлқұжаты» атты тақырыпта Тәуелсіздігіміздің 28 жылдығына арналған мерекелік іс-шара өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты: Желтоқсан оқиғасы арқылы жүздеген жылдар бойы бабаларымыздың армандаған егемендігіне қол жеткізгенімізді, желтоқсан оқиғасына қатысқан жауқазындарды еске ала отырып, олардың ерліктері жөнінде мәлімет беру. Бүгінде біз – қанатын кеңге жайған Егеменді елміз. Қазақстан – қазақ халқының ата-баба