Лицейіміздің теңбіл доп шеберлері – қаламыздың мақтанышы
Көкшетау қаласында оқушылар арасында өткен «Бурабай кубогы» жарысы өз мәресіне жетті. Аталған жарысқа Алматы қаласы атынан №178 лицейдің оқушылары қатысып, топтық кезеңнен сүрінбей, ширек және жартылай финалдардан мүдірмей өтіп, финалға шыққан болатын. Финалда оқушыларымыз Жамбыл облысының аяқ доп шеберлеріне есе жіберіп, екінші орынға тұрақтады. Лицей оқушыларының жетекшісі дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Әнәпьяев Естай Мұхтарұлы болды. Топтық кезеңді «С» тобынан бастаған лицей