Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Лицей кубогы» жарысы өз мәресіне жетті
19
октябрь
2019
«Лицей кубогы» жарысы өз мәресіне жетті
    Алматы қаласы Алатау ауданына қарасты №178 лицейдің 9-10 сынып оқушылары арасында волейболдан «Лицей кубогы» жарысы өз мәресіне жетті. Жарысқа ресми түрде 8 команда қатысып, ішінен үздік үш команда өзара I, II, III орындарды иеленді. Осы жарыс лицей жанынан құрылған «Ел жастары» клубының спорт министрі мен оның көмекшілері және «Эстетикалық пәндер, дене шынықтыру,  АӘ және техникалық дайындық» кафедрасының меңгерушісі Мира Утешованың жетекшілігімен ұйымдастырылды.     Жарыстың қорытындысы
Лицей мақтанышы –  ауданымыздың басшылық қызметіне сайланды
19
октябрь
2019
Лицей мақтанышы – ауданымыздың басшылық қызметіне сайланды
    Алатау ауданына қарасты №1 Оқушылар үйінде жалпы орта білім беретін мектептер, гимназиялар мен лицей оқушылары арасында ауданаралық Ұланбасыларды тағайындау мақсатында сайлау өткізілді. Сайлау барысында №178 лицейдің 9 «ғ» сынып оқушысы Әлихан Серікұлы Алатау ауданы оқушылар қоғамдастығының «Салауатты өмір салтын сақтау» қызметінің басшысы болып сайланды.      Бокстан спорт шеберлігіне үміткер, боксшы Әлихан Серікұлына алдағы уақытта қызметіне табыс пен сәттілік тілейміз!
On-Line сабақ
19
октябрь
2019
On-Line сабақ
2019 жылғы 18-қазан күні Алматы қаласы Білім басқармасының «Алматы қалалық Білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығы» базасында №178 лицейдің математика пәні мұғалімі Сағиолданов Талант лицейдің 8"Ж" сынып оқушыларымен бірге "y=√x функциясы, оның қасиеттері мен графигі" атты тақырыпта On-Line сабақ өтті.
«Алтын сақа» олимпиадасының  қалалық ІІ кезеңі
19
октябрь
2019
«Алтын сақа» олимпиадасының қалалық ІІ кезеңі
     Алматы қаласы Алатау ауданы №178 лицейде 5-6 сынып оқушылары арасында "Зерделі" ақыл-ой дамыту орталығының директоры Ырысбек Мәуіттің ұйымдастыруымен 2019 жылдың 19 қазанында математика пәнінен "Алтын сақа" олимпиадасының қалалық 2 кезеңі өтті. Алматы қаласы мектептерінен 160 оқушы қатысты.