Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Ардагерлерді ардақтайық»
30
сентябрь
2019
«Ардагерлерді ардақтайық»
     «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Ардагерлерді ардақтайық» атты акциясын №178 лицей оқушылары қолдап, арнайы қабырға газетін дайындады. Қабырға газетіне оқушылар Тұңғыш Елбасымыздың «Рухани жаңғыру»  мақаласын негізге ала отырып жазған болатын. Сондай-ақ лицей белсенділері ардагерлерді ардақтау мақсатында «Мейірімділік жарқын болашақ» деген атпен сурет салып, қабырға газетінің шырайын келтірді.       Бұл акция 1 қазан қарттар күніне орай ұйымдастырылып отыр. Негізгі мақсаты еліміздегі
Қала күні баршамызға құтты болсын!
28
сентябрь
2019
Қала күні баршамызға құтты болсын!
Алматы қаласы, Алатау ауданына қарасты №178 лицей оқушылары атынан,  қала күніне орай арнайы флешмоб жасап, барша Алматы қаласының тұрғындары  мен қала қонақтарын қала күнімен құттықтаймыз!  Ару қала Алматымыз күн сайын өркендеп, көркейіп, дами берсін.  Алматы – жастардың, білім мен ғылымның, шығармашылықтың, мәдениеттің қаласы.  Қала күні баршамызға құтты болсын!
«Шәкірт шыңға көтерілсе – ұстаз үшін сол бақыт»
28
сентябрь
2019
«Шәкірт шыңға көтерілсе – ұстаз үшін сол бақыт»
Мерекелеріңізбен, аяулы ұстаздар! Сіздерді алда келе жатқан  төл мерекелеріңізбен құттықтаймыз!  Жұмыстарыңызға жеміс,отбасыларыңызға амандық тілейміз. Білім нәрімен шәкірттерін ізгілікке, әдептілікке шақыратын ұстаздардың абыройы асқақ болсын. «Тәрбиесіз берілген білім, Адамзаттың қас жауы» деп, Әл-Фараби бабамыз айтқандай. Тәрбие мен білімді бір арнада тоғыстыра білетін шәкірттеріміз көп болсын.
«Ұстаз деген ұлағатқа бас идік ...»
27
сентябрь
2019
«Ұстаз деген ұлағатқа бас идік ...»
              №178 лицей оқушыларының ұстаздар күніне арналған құттықтау-тілектерін назарларыңызға ұсынамыз.      Құрметті ұстаздар! «Ұстаздық етпес жалықпас үйретуден балаға» - деген ұлы Абай бабамыз. Сіздер жас ұрпақтың санасына сыналай енгізетін тәлім – тәрбие, үлгі - өнеге өлшеусіз.      Сіздер – жастардың болашағын айқындайсыздар, бүгін еккен дәндеріңіз ертеңгі жеңісті - жемісті күннің кепілі. Ұстаз болашақ азаматтарды ғана емес, бүкіл болашақ қоғамды қалыптастырады.
«Отбасы - тәрбиенің  басты діңгегі»
27
сентябрь
2019
«Отбасы - тәрбиенің басты діңгегі»
       Елбасының жарлығымен бекітілген мереке аясында 27 қыркүйек 2019 жылы  «№178 лицей» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде түрлі шаралар өткізу дәстүрге айналған. Өйткені, отбасы құндылықтарын келешек ұрпаққа жеткізу қазіргі қоғамда аса қажетті екені баршаға аян. Әкені сыйлау, ананы құрметтеу, балаға лайықты тәрбие беру, бір сөзбен айтқанда шағын мемлекет саналатын жанұя тәрбиесіне ерекше көңіл бөлгеніміз жөн. Осыған орай лицейімізде «Отбасы - тәрбиенің  басты діңгегі» атты ата- аналар
Сейсможаттығу
25
сентябрь
2019
Сейсможаттығу
     № 178 лицейде 2019 жылдың 23 жұлдызында лицей қызметкерлері арасында "Жер сілкінісі кезіндегі қызметкеткерлердің іс-әрекеті мен оларды қауіпсіз орынға апару" атты сейсможаттығулар өткізілді.