«Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар»
2019 жыл 16 наурыз күні эстетикалық пәндер кафедрасының онкүндігіне арналған дене тәрбиесі пәні бойынша өткізілетін «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» атты эстафеталық ойындар ұстаздар арасында өткізілді. Эстафеталық ойын мақсаты: 1. Ұстаздар арасында спорт жұмысын жандандыру; 2. Мұғалімдердің денсаулығын, белсенділігін нығайту, ептіліктерін, шапшаңдықтарын, батылдықтарын, күштіліктерін байқау; 3. Салауатты өмір салтын насихаттау. Эстафеталық ойынға ұстаздар арасынан 6 команда