«Математика пәнін оқытудың әдіс-тәсілдерін тиімді пайдалана отырып педагогикалық шеберлікті шыңдау» тақырыбындағы аудандық семинар-практикум өткізілді » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Коммунальное
государственное учреждение
"Специализированный лицей №178"
Управления образования города Алматы
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Версия для
слабовидящих
» » «Математика пәнін оқытудың әдіс-тәсілдерін тиімді пайдалана отырып педагогикалық шеберлікті шыңдау» тақырыбындағы аудандық семинар-практикум өткізілді
22
февраль
2024

«Математика пәнін оқытудың әдіс-тәсілдерін тиімді пайдалана отырып педагогикалық шеберлікті шыңдау» тақырыбындағы аудандық семинар-практикум өткізілді

      2024 жылдың 22 ақпанында Алатау ауданы Білім бөлімінің қолдауымен Специализированный лицей №178де «Математика пәнін оқытудың әдіс-тәсілдерін тиімді пайдалана отырып педагогикалық шеберлікті шыңдау» тақырыбындағы аудандық  семинар-практикум  өткізілді. Семинар-практикумға Алатау ауданы жалпы білім беру ұйымдарының математика пәнінің  мұғалімдері қатысты. 
      Іс-шараның салтанатты ашылуында лицей директоры К.Х. Шадиев «Лицейдің жаңаруы мен даму жолдары» тақырыбында баяндама жасап, білім мекемесінің белесті қадамын ортаға салды. Алатау ауданы Білім бөлімінің әдіскері Смагулова Алия Белгібаевна семинардың тәжірибе алмасудағы маңыздылығын атап өтіп, қатысушылардың жұмысына сәттілік тіледі. 
      Финляндия, Сингапур мемлекеттерінде тағылымдамадан өткен, «Almaty Ustazy» байқауының жүлдегерлері Л.Е. Амалбекова, «Лучший педагог – 2022» байқауының жеңімпазы Т.Б.Сағиолданов «Шетелдік тағылымдаманың кәсіби дамуға ықпалы» тақырыбындағы өз тәжірибелерімен бөлісті. 
     Семинар-практикум барысында математика пәні мұғалімдері Ш.Сапарбекова, С.Мухтарова «Жасанды интеллект көмегімен оқыту материалдарын дайындау», Т.Б.Сагиолданов, А.Алшынбаева «Логарифмдік және көрсеткіштік теңсіздіктерді шешудің тиімді жолдары», Г.С.Смағұлова, Д.Мамутова «Геометриядағы дәлелдеу есептерін тиімді әдістермен шешу жолдары», Г.Ильясова, А.Сыдыкова, Б. Шалхарова «Планиметрияның сирек кездесетін теоремаларының көмегімен геометриялық есептерді шығару тақырыптарында шеберлік сыныптарын өткізді.
     «Математика – сандық дәуір негізі: мұғалім мен оқушы құзыреттілігінің сабақтастығы» интерактивтік сессиясы лицейдің дарынды оқушылары мен келген қонақтар арасындағы өзекті сұрақтар бойынша ұшқыр ой алмасу алаңына айналды. 
  Семинар соңында, ұйымдастырылған кері байланыс барысында пән мұғалімдері өткен шараның тиімділігін, тәжірибеге бағытталғанын және қажеттілігін атады.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: