Математика – сандық дәуір негізі: мұғалім мен оқушы құзыреттілігінің сабақтастығы » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Коммунальное
государственное учреждение
"Специализированный лицей №178"
Управления образования города Алматы
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Версия для
слабовидящих
» » Математика – сандық дәуір негізі: мұғалім мен оқушы құзыреттілігінің сабақтастығы
16
февраль
2024

Математика – сандық дәуір негізі: мұғалім мен оқушы құзыреттілігінің сабақтастығы

      2024 жылдың 16 ақпанында Коммунальное ҚББЖТҒӘО-ның қолдауымен Специализированный лицей №178де «Математика – сандық дәуір негізі: мұғалім мен оқушы құзыреттілігінің сабақтастығы» тақырыбында қалалық семинар-практикум өткізілді. Семинар-практикумға Коммунальноеның жалпы білім беру ұйымдарының математика пәнінің  мұғалімдері қатысты.
      Іс-шараның салтанатты ашылуында лицей директоры К.Х. Шадиев «Лицейдің жаңаруы мен даму жолдары» тақырыбында баяндама жасап, білім мекемесінің белесті қадамын ортаға салды.
    Алатау ауданы Білім бөлімінің әдіскері Смагулова Алия Белгібаевна семинардың тәжірибе алмасудағы маңыздылығын атап өтіп, қатысушылардың жұмысына сәттілік тіледі. 
     Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығының оқу ісі жөніндегі бөлімнің әдіскері А.К.Турысбекова «Математика пәнін оқытудағы сандық технологиялардың ерекшелігі» бойынша құнды ұсыныстар жасап, ашық сұхбат өткізді. Сонымен қатар, Финляндия, Сингапур мемлекеттерінде тағылымдамадан өткен, «Almaty Ustazy» байқауының жүлдегерлері Л.Е. Амалбекова, «Лучший педагог – 2022» байқауының жеңімпазы Т.Б.Сағиолданов «Шетелдік тағылымдаманың кәсіби дамуға ықпалы» тақырыбындағы өз тәжірибелерімен бөлісті. 
Семинар-практикум барысында математика пәні мұғалімдері Ш.Сапарбекова «Жасанды интеллект көмегімен оқыту материалдарын дайындау», Т.Б.Сагиолданов, А.Алшынбаева «Логарифмдік және көрсеткіштік теңсіздіктерді шешудің тиімді жолдары», Г.С.Смағұлова, Д.Мамутова «Геометриядағы дәлелдеу есептерін тиімді әдістермен шешу жолдары», Б.Т.Кітапбаева, Г.М. Сұлтанова, С.Т.Есенгалиев «Авторлық бағдарлама жазу үлгісі бойынша әдістемелік көмек»  тақырыптарында шеберлік сыныптарын өткізді.
       «Математика – сандық дәуір негізі: мұғалім мен оқушы құзыреттілігінің сабақтастығы» интерактивтік сессиясы лицейдің дарынды оқушылары мен келген қонақтар арасындағы өзекті сұрақтар бойынша ұшқыр ой алмасу алаңына айналды. Семинар соңында, ұйымдастырылған кері байланыс барысында пән мұғалімдері өткен шараның тиімділігін, тәжірибеге бағытталғанын және қажеттілігін атады.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: