КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Коммунальное
государственное учреждение
"Специализированный лицей №178"
Управления образования города Алматы
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Версия для
слабовидящих

Қош келдіңіздер!

Подробнее

Последние новости

Все новости
"Игі істер" акциясы
10
май
2024
"Игі істер" акциясы
      Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі әзірлеген "Игі істер" акциясын қолдау мақсатында лицейіміздің 9 "Д" сынып жетекшісі Кенжебаева Мая Қыпшаққызы сынып оқушыларымен "Шаңырақ"  әлеуметтік қызмет көрсету орталығына барып, қариялармен кездесіп, жылы лебіздері мен алғыстарын алып қайтты. Әрі ұйымдастырылған іс-шара оқушылар мен жас жеткіншектерді еңбекқорлық пен ұйымшылдыққа үйретудің тиімді әдісі болды.  
Лицей командасы жеңіл атлетикалық кросс спорт түрінен жүлдегер атанды
10
май
2024
Лицей командасы жеңіл атлетикалық кросс спорт түрінен жүлдегер атанды
     02-03.05.2024ж. Максим Горький атындағы орталық мәдениет және демалыс саябағында Коммунальное Управления образования «Қалалық дене шынықтыру және спорт оқу-тәжірибелік орталығы» ұйымдастырумен «Ұлттық мектеп лигасы» аясында жеңіл атлетикалық кросс спорт түрінен 9-11сыныптар арасында жарыс өтті. Жарыста қаламыздың ең үздік жүйріктері сайысқа түсті. Нәтижесінде Алатау ауданының намысын қорғаған лицейіміздің командасы 3-орынды иеленді. Жеңісті күндер көп болсын! Құттықтаймыз!  
7-8 сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қалалық кезеңі өтті
06
май
2024
7-8 сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша
     2024 жылдың 3-5 мамыр аралығында №208 мектеп-гимназияның және Almaty PhysTech school мектептерінің базасында 7-8 сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қалалық кезеңі өтті. Олимпиадада 12 пән бойынша 396 оқушы бақтарын сынады.      Олимпиада қорытындысы бойынша лицейімізден 20 оқушы қатысып, 9 оқушымыз   жүлдегер атанды. Білім сайысында мектебі мен ұстаздарының артқан сенімін ақтай білген оқушыларды шын жүректен құттықтаймыз!
10-11 сынып оқушылары Абай атындағы ҚазҰПУ ұйымдастырған кәсіби бағдар беру бойынша "Ашық есік" күніне қатысты
06
май
2024
10-11 сынып оқушылары Абай атындағы ҚазҰПУ ұйымдастырған кәсіби
     Лицейіміздің 10-11 сынып оқушылары Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университеті ұйымдастырған кәсіби бағдар беру бойынша "Ашық есік" күніне қатысып келді. Университет тынысы, институттар және мамандық бойынша маңызды ақпараттар толықтай айтылды. 
Директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Кутумов Берік Нәбиұлы марапатталды
06
май
2024
Директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Кутумов Берік Нәбиұлы
     №178 мамандырылған лицей директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Кутумов Берік Нәбиұлы Алатау аудандық ІІБ жанындағы полиция бөлімінің бастығы А.М.Даулетияровтың құрмет грамотасымен марапатталды. 
Информатика пәнінің мұғалімі Бақытова Айша Маратқызы марапатталды
06
май
2024
Информатика пәнінің мұғалімі Бақытова Айша Маратқызы марапатталды
     Алатау ауданы Білім бөлімінің ұйымдастыруымен "Өз жұлдызыңды жақ" аудандық жас педагогтер байқауында жүлделі 1-орын иеленгені үшін информатика пәнінің мұғалімі Бақытова Айша Маратқызы марапатталды. 

Лента новостей