05
декабрь
2020
«Біз пара бермейміз және алмаймыз» тақырыбында онлайн дөңгелек үстел өтті
2020 жылдың 5-желтоқсан күні №178 лицейде әдеп және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілі, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б.Н.Кутумовтың басшылығымен, «Адал ұрпақ» еріктілер лицей клубының жетекшісі А.Хамзаның ұйымдастыруымен, 9-сынып оқушылары арасында «Біз пара бермейміз және алмаймыз» тақырыбында онлайн дөңгелек үстел өтті.
Мақсаты: оқушылардың сыбайлас жемқорлық туралы білімдерін тереңдету, заң алдындағы жауапкершіліктерін арттыру, өз құқықтарын қорғай білуге үйрету, патриоттық тәрбиеге баулу.
Іс-шараның құрметті қонағы Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университеті, Тарих және Құқық Институты, Құқықтану мамандығының қауымдастырылған профессоры, заң ғылымдарының кандидаты Көшпенбетов Бақытқали Мұқтарұлы оқушылардың сұрақтарына жауап бере отырып, әділеттілік, адалдық пен сенімділікті насихаттайтын ғибратты ойларымен бөлісті.