Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Жетістік жаңалығы!
30
апрель
2026
Жетістік жаңалығы!
Қалалық «Мир театра» байқауында №178 мамандандырылған лицейдің орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері жетекшілік жасайтын  "АртДрамаСтудио178" театры ІІ орын иегері атанды! Байқауға ұсынылған сахналандырылған қойылым — орыс классигі А.С. Пушкиннің шығармасынан алынған «Страницы Онегина» қойылымы болды. Оқушыларды дайындаған орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері: Битимбаева Жанар Кадыровна мен Каирбаева Майра Ануархановна үлкен шығармашылық ізденіс пен қажырлы еңбек көрсетті.
Лицей оқушылары «Балафест» байқауында жүлделі орын алды
26
апрель
2026
Лицей оқушылары «Балафест» байқауында жүлделі орын алды
Аудандық «Балафест» байқауы аясында өткен «Кітап – білім бұлағы» байқауының «Театр өнері арқылы – оқуға» номинациясы бойынша №178 мамандандырылған лицейдің 6 «Б» сынып оқушылары жүлделі ІІІ орынға ие болды. Жас өнерпаздар өздерінің сахналық шеберлігі мен шығармашылық қабілеттерін жоғары деңгейде көрсетіп, көрермендер мен қазылар алқасының ықыласына бөленді. Бұл жетістік – оқушылардың өнерге деген қызығушылығы мен ұстаздарының еңбегінің нәтижесі.
Лицей мақтанышы: шахматтағы жеңісті жетістік
25
апрель
2026
Лицей мақтанышы: шахматтағы жеңісті жетістік
25–26 сәуір күндері Алматы қаласында рапид және блиц шахматынан чемпионат өтті. Аталған жарыста 7 «Б» сынып оқушысы Елібай Әлихан Бегайдарұлы жоғары шеберлік танытып, тамаша нәтиже көрсетті. Ол блиц түрі бойынша І орын иеленіп, қала чемпионы атанды. Сонымен қатар рапид бойынша жүлделі ІІ орынға ие болып, өз шеберлігін тағы бір мәрте дәлелдеді. Бұл жетістік – оқушының табандылығы мен шахматқа деген қызығушылығының, сондай-ақ ұстаздарының жүйелі еңбегінің жемісі.
Аудандық Аягуль Миразова атындағы олимпиадасынан қуанышты жаңалықтар!
24
апрель
2026
Аудандық Аягуль Миразова атындағы олимпиадасынан қуанышты жаңалықтар!
Біздің жас мамандар тағы да өздерінің білімділігі мен табандылығын дәлелдеді: Рахумбекулы  Досжан – І орын Бекқұл Асылбек – ІІІ орын иегерлері атанды Бұл жетістіктер – тынымсыз еңбектің, ізденістің және кәсіби өсуге деген ұмтылыстың айқын көрінісі. Сіздердің жеңістеріңіз – тек жеке жетістік емес, барлық жас мамандарға үлкен мотивация мен шабыт! Алға қойған мақсаттарыңыз әрқашан биік болсын!
Жас маман – жарқын жеңіс!
23
апрель
2026
Жас маман – жарқын жеңіс!
2026 жылдың 23 сәуір күні Алматы қаласы Білім басқармасының ұйымдастыруымен «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» Тілеубай Сания Өскенбайқызы атындағы физика пәні мұғалімдеріне арналған аудандық олимпиада өтті. Мақсаты – педагогтердің кәсіби шеберлігін шыңдау, шығармашылық әлеуетін арттыру және озық тәжірибені тарату. №178 мамандандырылған лицейдің жас мамандары –физика пәні мұғалімдері өздерінің кәсібилігі мен білім деңгейін дәлелдеп, жоғары нәтижемен қалалық кезеңге жолдама алды: Әкбар Нұржау
Үздік шығармашыл кітапханашы – 2026
23
апрель
2026
Үздік шығармашыл кітапханашы – 2026
23 сәуір — Ұлттық кітап және кітапханашылар күніне орай ұйымдастырылған “LIBRARY STAR – 2026” салтанатты кешінде лицейіміздің кітапханашысы Жунисбекова Гүлшира Бақтиярқызы «Үздік шығармашыл кітапханашы» номинациясы бойынша марапатталды! Бұл жетістік — лицейіміздің мерейін асқақтатқан, қажырлы еңбек пен шығармашылық ізденістің жемісі. Құрметті Гүлшира Бақтиярқызы, алдағы уақытта да шығармашылық шабытпен еңбек етіп, оқырмандар санын арттырып, кітапсүйер қауымның зор ықыласына бөлене беруіңізге
Лицей мақтанышы: “Әбіш оқуларында” жүлделі орындар
22
апрель
2026
Лицей мақтанышы: “Әбіш оқуларында” жүлделі орындар
22.04.2026 жылы Республикалық “Әбіш оқулары” байқауының аудандық кезеңіне әртүрлі бағытына лицейіміздің оқушылары қатысып, жүлделі орындарға ие болды. “Ә.Кекілбаевтың шығармалары бойынша  зерделеу жоба байқауы” бағыты бойыншы 10-сынып оқушысы Әбдіманап Нұрай І дәрежелі дипломмен марапатталып, қалалық кезеңге жолдама алды. Жетекшісі: Сатбаева Р.С. “Ә.Кекілбаев шығармаларынан иллюстрациялық суреттер салу” бағыты бойынша 10-сынып оқушысы Ихсан Алуа ІІ дәрежелі дипломға ие болды. Жетекшісі:
«Астанадағы халықаралық додада лицей абыройы асқақтады»
17
апрель
2026
«Астанадағы халықаралық додада лицей абыройы асқақтады»
Астана қаласында өткен Ө.Жолдасбеков атындағы математика және механика бойынша зерттеу жобаларының ХАЛЫҚАРАЛЫҚ конкурсында №178 мамандандырылған лицейдің 11-сынып оқушылары Жұмабек Қажыкелді мен Аманжол Ералы механика секциясы бойынша 3-орын, ҚОЛА МЕДАЛЬ иегері атанды!
Білім мен еңбектің жемісі: олимпиада жеңімпаздары марапатталды
16
апрель
2026
Білім мен еңбектің жемісі: олимпиада жеңімпаздары марапатталды
9-13 сәуір аралығында Тараз және Шымкент қалаларында қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша Республикалық олимпиада өз мәресіне жетті. Еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған ең мықты білімпаздар бақ сынасқан бұл додада біздің лицейіміздің абыройын 11-сынып оқушысы Серікқазы Аяжан мен Талғат Тұнық көтерді. Талғат Тұнық Алматы қаласы бойынша Қазақстан тарихынан 1-орын,  Аяжан орыс тілі мен әдебиеті пәнінен 1-орын алып, республикалық кезеңге жолдама алған болатын. Аяжан өзінің терең білімі
Жас дарынның биігі: республикалық олимпиададағы жетістік
15
апрель
2026
Жас дарынның биігі: республикалық олимпиададағы жетістік
9-13 сәуір аралығында Шымкент қаласында қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша Республикалық олимпиада өз мәресіне жетті. Еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған ең мықты білімпаздар бақ сынасқан бұл додада біздің лицейіміздің абыройын 11-сынып оқушысы Серікқазы Аяжан асқақтатты. Аяжан орыс тілі мен әдебиеті пәнінен өзінің терең білімі мен шығармашылық қабілетін көрсетіп, қазылар алқасының жоғары бағасына ие болды. Нәтижесінде, республикалық деңгейдегі озық білімі үшін Қазақстан