27
май
2026
Жеңіс шыңына бастар жарқын қадам!
Алматы қаласында өткен «GLADIATOR TOURNAMENT KIDS» халықаралық ашық турнирінде жоғары шеберлік пен үздік спорттық дайындық танытып, І орын иеленгені үшін №178 мамандандырылған лицейінің 5 «Ә» сынып оқушысы Асқар Алинур марапатталды. Алинур турнир жеңімпазы атанып қана қоймай, ерекше жетістігінің нәтижесінде Түркия еліне 7 күндік демалыс сертификатын иеленді. Бұл — табандылық пен тынымсыз еңбектің, спортқа деген сүйіспеншілік пен жеңіске деген жігердің жарқын көрінісі. Жас спортшымыздың жетістігі лицейіміз үшін зор мақтаныш! Алинурды айтулы жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы уақытта да биік белестерді бағындырып, жеңіс тұғырынан көріне беруіңе тілектеспіз. Алар асуларың биік, жеңістерің көп болсын!
