Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Тағылымды кездесу: діни экстремизмнің алдын алу мәселелері талқыланды
04
май
2026

Тағылымды кездесу: діни экстремизмнің алдын алу мәселелері талқыланды

Біздің лицейде маңызды кездесу өтті. Лицейімізде дінтанушы, ғылыми қызметкер Мейманқожа Нұрмұхаммед Рысбайұлының  Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясы Ғылым комитетінің Философия, саясаттану және дінтану институты жанындағы Дінтану орталығының ғылыми қызметкері, дінтану магистрінің  қатысуымен «Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу» тақырыбында тағылымды кездесу ұйымдастырылды. Кездесу барысында оқушыларға қазіргі қоғамдағы діни ағымдар, олардың ерекшеліктері мен қауіптері туралы кеңінен түсіндірілді. Сондай-ақ жастарды теріс идеологиядан сақтану жолдары мен дұрыс діни бағытты ұстанудың маңыздылығы айтылды. Оқушылар көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, мазмұнды жауаптар алды. Мұндай кездесулер өскелең ұрпақтың саналы, білімді және қауіпсіз ортада қалыптасуына үлкен үлес қосады.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: