Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
04
май
2026

Медицина мамандығына бағыт беру

Кәсіби бағдар беру аясында Алматы медициналық колледжі-нің мамандары 9-сынып оқушыларына медицина мамандығына байланысты түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Кездесу барысында мамандар медицина саласының ерекшеліктері, оқу мүмкіндіктері және болашақтағы кәсіби бағыттар туралы жан-жақты ақпарат берді. Сонымен қатар, олар дәрігер, фельдшер, мейіргер сияқты мамандықтардың маңызы мен жауапкершілігі туралы айтып өтті.
Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, нақты жауаптар алды. Бұл кездесу олардың медицина саласына деген қызығушылығын арттырып, болашақ мамандықты таңдауға оң әсерін тигізді.
Қорытындылай келе, мұндай түсіндірме жұмыстары оқушыларға дұрыс бағыт беріп, саналы түрде мамандық таңдауға көмектеседі.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: