Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
30
апрель
2026

Жетістік жаңалығы!

Қалалық «Мир театра» байқауында №178 мамандандырылған лицейдің орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері жетекшілік жасайтын  "АртДрамаСтудио178" театры ІІ орын иегері атанды!
Байқауға ұсынылған сахналандырылған қойылым — орыс классигі А.С. Пушкиннің шығармасынан алынған «Страницы Онегина» қойылымы болды. Оқушыларды дайындаған орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері: Битимбаева Жанар Кадыровна мен Каирбаева Майра Ануархановна үлкен шығармашылық ізденіс пен қажырлы еңбек көрсетті. Кейіпкерлер бейнесін ашу, сахналық мәдениетті қалыптастыру, мәнерлеп оқу мен актерлік шеберлікті дамыту жолында жүйелі жұмыс жүргізілді. Әрбір көрініс терең талданып, оқушылардың сахнада еркін қозғалуына, образға енуіне ерекше көңіл бөлінді. Нәтижесінде көрерменнің ықыласына бөленген әсерлі қойылым дүниеге келді. 
Бұл жетістік — ұстаздардың кәсіби шеберлігі мен оқушылардың талантының жемісі!

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: