Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Халықаралық ынтымақтастық - білім сапасын арттырудың жаңа белесі!
29
апрель
2026

Халықаралық ынтымақтастық - білім сапасын арттырудың жаңа белесі!

Мәскеу педагогикалық университетінің бейінді білім беруді дамыту институтының өкілдерінің қатысуымен лицейімізде маңызды кездесу өтті. Кездесу барысында қонақтар лицейдің оқу-тәрбие үдерісімен, білім алушылардың жетістіктерімен, сондай-ақ жүзеге асырылып жатқан жобалармен танысты. Әсіресе, Мәскеу және Алматы қалаларындағы бейіналды және бейінді білім беру жобалары аясындағы тәжірибе алмасу мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Лицей ұжымы қонақтарға білім беру саласындағы заманауи бағыттар, оқушылардың кәсіби бағдарын дамытуға арналған жобалар және практикалық жұмыстарды ұйымдастыру тәжірибесін таныстырды. Осындай кездесулер халықаралық ынтымақтастықты нығайтып, білім сапасын арттыруға жаңа мүмкіндіктер беретіні сөзсіз.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: