25
февраль
2026
«Желтоқсан – Тәуелсіздік бастауы» атты тарихи-танымдық кеш
Қазақстан тарихындағы тағылымы терең оқиғалардың бірі – 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісінің маңызын жас ұрпақ санасына сіңіру, тәуелсіздіктің құндылығын ұғындыру мақсатында «Желтоқсан – Тәуелсіздік бастауы» атты тарихи-танымдық кеш өткізілді.
Іс-шара Alatau Creative Hub кітапханасында ұйымдастырылды. Арнайы ынтымақтастық келісім МЕМОРАНДУМ бойынша аталған шараға лицейіміздің оқушылары саяхат-сабағы жобасы бойынша қатысты.
Кештің басты мақсаты – Желтоқсан қаһармандарының ерлігін ұлықтау, оқушылардың бойында отансүйгіштік рух қалыптастыру, ел тәуелсіздігінің оңай жолмен келмегенін түсіндіру.
