Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Жаңа Конституция жобасы – кемел келешекке бастар маңызды қадам
20
февраль
2026

Жаңа Конституция жобасы – кемел келешекке бастар маңызды қадам

Жаңа Конституция жобасы – елдің кемел келешегіне бағытталған маңызды құжат. Бұл бастама қоғамның барлық саласын қамтып, мемлекет дамуының жаңа кезеңіне жол ашуды көздейді. Аталған жоба лицейде мұғалімдер арасында да кеңінен талқыланды. Басқосуда ұстаздар құжаттың мазмұнына тоқталып, оның маңыздылығы мен өзектілігі жайында ой бөлісті. Педагогтер жаңа өзгерістердің білім беру саласына, жас ұрпақтың құқықтық сауаттылығын арттыруға ықпалы туралы пікірлерін білдіріп, өз ұсыныстарын ортаға салды. Жоба аясында адам құқықтары мен бостандықтарын қорғауға ерекше мән беріліп, заң үстемдігін қамтамасыз ету және әділеттілік қағидаттарын нығайту көзделгені атап өтілді. Сондай-ақ азаматтардың құқықтарын қорғау тетіктерін жетілдіру, мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту мәселелері де назардан тыс қалмаған. Қатысушылар бұл өзгерістер мемлекет пен қоғам арасындағы өзара сенімді арттырып, елдегі тұрақтылық пен бірлікті нығайтуға ықпал ететінін ерекше атап өтті.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: