Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Мектептегі білім сапасын басқару: стратегиядан практикаға» атты республикалық семинар табысты өтті.
20
сентябрь
2024

«Мектептегі білім сапасын басқару: стратегиядан практикаға» атты республикалық семинар табысты өтті.

2024 жылдың 18–20 қыркүйек күндері Махатма Ганди атындағы № 92 мамандандырылған лицей базасында ҚР Оқу-ағарту министрлігі Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының бастамасымен ұйымдастырылған «Мектептегі білім сапасын басқару: стратегиядан практикаға» атты республикалық семинар табысты өтті. Семинарға республика бойынша мектеп директорлары, оқу ісі жөніндегі орынбасарлар, әдіскерлер және білім беру ұйымдарының басқарушылары кең көлемде қатысты.
Семинардың негізгі мақсаты – нысаналы мектептердің тәжірибесін жетілдіруде әдістемелік көмек көрсету, білім сапасын арттыруға бағытталған стратегиялық және практикалық тәсілдерді зерделеу, басқарушылық құзыреттілікті дамыту, сонымен қатар мектеп пен ата-аналар арасындағы өзара әрекеттестікті тиімді ұйымдастыру жолдарын талқылау болды.
ҚР Оқу ағарту министрлігі Ы.Алтынсарин академиясының басшылығымен өткен семинарда №178 мамандандырылған лицейден 3 маман қатысып, республика бойынша білім беру ұйымдарының басшыларына лицейдің жетістікке жету тәжірибесіне таныстырылымдар жасап, ой бөлісті.
Модераторлар:
Шадиев Кайратбек Хамзаханович–№178 мамандандырыған лицей директоры
Даулетбаева Гулнафис Абатовна –№178 мамандандырылған лицей директорының оқу-
ісі орынбасары
Жакыпбекова Назира Алмахановна –№178 мамандандырылған лицей директорының
оқу-ісі орынбасары.
Іс-тәжірибесімен бөліскен мамандарға ҚР Оқу ағарту министрлігі Ы.Алтынсарин академиясы тарапынан сертификат берілді.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: