Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Материалы за Май 2026 года » Страница 3
«Директор кубогы — ІІІ»: жас футболшылардың тартысты бәсекесі
18
май
2026
«Директор кубогы — ІІІ»: жас футболшылардың тартысты бәсекесі
Футболдан 6-7 сыныптардың оқушылары арасында "Директор кубогы  — ІІІ" турнирі өткізілді. Турнирге 8 команда қатысып,  өзара мықтыны анықтады. Сонымен қатар,  үздік номинация иегерлеріне арнайы статуэткалар мен спорт сыйлықтары және жеңімпаз бен жүлдегер атанған сыныптарға медаль мен мадақтамалар табыс етілді.  І орын  — 6 "А" сыныбы  ІІ орын — 6-сыныптар құрамасы  ІІІ орын — 6 "Б" және 6 "В" сыныптарына бұйырды. Сондай-ақ жеңімпаз және жүлдегер атанған сыныптарға "әкелер клубы" атынан арнайы
Лицейде мамандықтар жәрмеңкесі өтті
16
май
2026
Лицейде мамандықтар жәрмеңкесі өтті
Лицейде кәсіби бағдар беру жұмыстары аясында жоғары оқу орындары мен колледж мамандарының қатысуымен мамандықтар жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Аталған шараға лицейдің 9–10 сынып оқушылары қатысып, болашақ мамандық таңдау бойынша құнды мәліметтер алды. Университет пен колледж өкілдері білім беру бағдарламалары, оқу ерекшеліктері, қабылдау талаптары мен мамандықтардың болашағы туралы жан-жақты ақпаратпен бөлісті. Кездесу барысында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алып, кәсіби
Жас физик-ұстаздардың жеңісті қадамы
15
май
2026
Жас физик-ұстаздардың жеңісті қадамы
Құттықтаймыз!  Тілеубай Сәния Өскенбайқызы атындағы физика пәні мұғалімдеріне арналған олимпиаданың қалалық кезеңінде жас мамандарымыз жоғары нәтиже көрсетті. Әкбар Нұржау — ІІ орын иегері Нұрсал Дәлел — ІІІ орын иегері Әріптестеріміздің еңбегі мен ізденісіне толағай табыс тілейміз! Алар асуларыңыз биік, жетістіктеріңіз мол болсын
Лицей мақтанышы – республикалық байқаудың І орын иегерлері!
14
май
2026
Лицей мақтанышы – республикалық байқаудың І орын иегерлері!
Щучинск қаласында өткен “Менің Қазақстаным: өткені, бүгіні, болашағы” атты ғылыми-тарихи жобалар республикалық байқауында №178 мамандандырылған лицей оқушылары жүлделі I орын иеленді: Сейтжан Ажар мен Кәдірбек Назерке. Сонымен қатар, жеңімпаздарға “Балдәурен” демалыс орнына жолдама табысталды. Оқушыларымызды жарқын жеңістерімен құттықтай отырып, ғылым мен білім жолында биік белестерді бағындыра беруіне тілектеспіз! Жетекші ұстаздарға кәсіби шеберлігі мен тынымсыз еңбегі үшін алғыс білдіреміз.
Сапалы білім – ортақ мақсат
13
май
2026
Сапалы білім – ортақ мақсат
Құрметті ата-аналар! Сіздерді №178 мамандандырылған лицейде өтетін АШЫҚ ЕСІК күніне шақырамыз! Ашық есік күні — білім беру үдерісін жақыннан көруге арналған ерекше мүмкіндік. Іс-шара барысында сіздер оқушылардың жетістіктерімен танысып, мұғалімдермен еркін сұхбат құра аласыздар. Сонымен қатар, бала тәрбиесі мен сапалы білім берудегі ата-ана, оқушы және лицей арасындағы ынтымақтастықтың маңыздылығы талқыланады. Әкімшілік
Патриот ұрпақ – жарқын болашақ!
12
май
2026
Патриот ұрпақ – жарқын болашақ!
Отан қорғаушылар күні мен Ұлы Жеңістің 81 жылдығына орай оқушылар арасында әскери-патриоттық бағыттағы жарыстар ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты – жас ұрпақтың бойына отансүйгіштік рух қалыптастыру, әскери тәртіп пен салауатты өмір салтын насихаттау. Жарыс барысында қатысушылар түрлі сайыстар бойынша өзара бақ сынап, белсенділік пен ұйымшылдықтарын көрсетті. Мерекелік шара жоғары деңгейде өтіп, қатысушылар арнайы марапаттарға ие болды.