Лицей мақтанышы – республикалық байқаудың І орын иегерлері!
Щучинск қаласында өткен “Менің Қазақстаным: өткені, бүгіні, болашағы” атты ғылыми-тарихи жобалар республикалық байқауында №178 мамандандырылған лицей оқушылары жүлделі I орын иеленді: Сейтжан Ажар мен Кәдірбек Назерке. Сонымен қатар, жеңімпаздарға “Балдәурен” демалыс орнына жолдама табысталды. Оқушыларымызды жарқын жеңістерімен құттықтай отырып, ғылым мен білім жолында биік белестерді бағындыра беруіне тілектеспіз! Жетекші ұстаздарға кәсіби шеберлігі мен тынымсыз еңбегі үшін алғыс білдіреміз.