16
май
2026
Лицейде мамандықтар жәрмеңкесі өтті
Лицейде кәсіби бағдар беру жұмыстары аясында жоғары оқу орындары мен колледж мамандарының қатысуымен мамандықтар жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Аталған шараға лицейдің 9–10 сынып оқушылары қатысып, болашақ мамандық таңдау бойынша құнды мәліметтер алды. Университет пен колледж өкілдері білім беру бағдарламалары, оқу ерекшеліктері, қабылдау талаптары мен мамандықтардың болашағы туралы жан-жақты ақпаратпен бөлісті. Кездесу барысында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алып, кәсіби бағыт-бағдарын айқындауға мүмкіндік алды. Мұндай тағылымды шаралар жас ұрпақтың болашақ мамандығын саналы түрде таңдауына үлкен септігін тигізеді.
