Домбыра үйірмесі, «Қазына» оркестрі.
Ұлы ақын Қадыр Мырза Әлінің «Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра» деген сөзінің зор мәні бар. Баршамызға ортақ құндылық – домбыраны жан-жақты насихаттап, жас ұрпақтың санасына сіңіру өте маңызды. Осы себептен Специализированный лицей №178де жыл сайын домбыра үйірмесі жұмыс жасайды. Үйірмеде домбыраны үйрену арқылы оқушылардың ой-өрісі кеңейіп, күйлерді тану арқылы ел тарихын терең ұғына алады. Лицейде домбыра үйірмесіне қатысатын оқушылар тобынан «Қазына» оркестрі құрылған.