9-10 сынып оқушыларына “Дарынды оқушы оқуға міндетті 100 кітап”
N178 мамандандырылған лицейде директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.Токталиева оқушылардың бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру мақсатында 9-10 сынып оқушыларына “Дарынды оқушы оқуға міндетті 100 кітап” шығармашылық жобаның мақсатын айтып, жоғары буын оқушылары оқуға міндетті оқулықтар тізімімен таныстырып өтті. Бұл жоба негізінде оқушылар көркем әдебиетке қызығушылығы артады, ерікті түрде кітап оқуға машықтанады, сөздік қоры молаяды, оқушының жан дүниесі рухани бай болып қалыптасады.