Родителям » Страница 5 » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Коммунальное
государственное учреждение
"Специализированный лицей №178"
Управления образования города Алматы
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Версия для
слабовидящих
“Үзілісте кітап оқиық” тақырыбында оқушылар кітап оқып, өзара оқыған кітаптарымен пікірлесті.
15
февраль
2022
“Үзілісте кітап оқиық” тақырыбында оқушылар кітап оқып, өзара оқыған
Оқуға құштар бағдарламасы аясында лицейімізде үзіліс арасында оқушылармен кітап іс-әрекеті ұйымдастырылып отырады. Бүгін лицейімізде “Үзілісте кітап оқиық” тақырыбында оқушылар кітап оқып, өзара оқыған кітаптарымен пікірлесті. #Мектеп парламенті #Өзін-өзі басқару ұйымы @kairatbekshadiev @akmurzaevakarlygash @edu.almaty @almaty_mektepteri @alatau_bilim_bolimi
Шахмат - мінез-құлықты тәрбиелейді.
15
февраль
2022
Шахмат - мінез-құлықты тәрбиелейді.
   Специализированный лицей №178де жыл сайын шахмат үйірмесі жұмыс жасайды. Жетекшісі - Амонбаев Сино.  Шахмат - мінез-құлықты тәрбиелейді. Әр балаға бір орында тапжылмай ұзақ отыру қиын-ақ. Ал шахмат ойыны кезінде оқушылар сағаттап бір орында қалай отырғанын өздері де аңғармай қалады. Бала осылай салмақтылықты, сабырлылықты үйренеді.
«Отан! Табиғат! Жер-Ана!" тақырыбында ашық сабақ өткізді.
15
февраль
2022
«Отан! Табиғат! Жер-Ана!" тақырыбында ашық сабақ өткізді.
№ 178 мамандандырылған лицейдің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, педагог-зерттеуші Женсикбаева Н.Б. 8 «Ғ» сынып оқушыларымен «Отан! Табиғат! Жер-Ана!" тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақ барысында оқушылар қоғамдағы экологиялық мәселелер жайында кең мағлұмат алып, табиғатты қорғау, Отанды сүю, Жер-Ананы қадірлеудің маңызын тереңінен түсіне білді. Сабақта мұғалім АКТ-ні шебер қолданып,оқушылардың қызығушылықтарын оята білді. Сабақ өз мақсатына жетті.
Кітап - мәңгілік парасаттың ең киелі ғибраты.
15
февраль
2022
Кітап - мәңгілік парасаттың ең киелі ғибраты.
Кітап — бөлек бір әлем. Сол әлемге топ етіп, ондағы әлемге саяхат жасаған адамның ақылы мен санасы қатар өсері анық. Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының онкүндігіне орай кітап оқу байқауы жалғасуда. Егер сіз оқуды ұнатсаңыз немесе жақсы әдетті сақтауды бастағыңыз келсе, онда бұл шара сіз үшін. Қатысушыларды түрлі сыйлықтар күтіп тұр.
. Специализированный лицей №178дің 6 "Е" сынып оқушысы Сейлбек Шерзатхан  "KAISSA"  Шахмат Өнер орталығының ұйымдастыруымен өткізілген "Wunderkind Chess Battle" турнирына қатысып, III орынды иеленді
15
февраль
2022
. Специализированный лицей №178дің 6 "Е" сынып оқушысы Сейлбек
Шахматты баланың ойлау жүйесін жан-жақты дамытып, шыңдайтын ең мықты тренажер деп бағалайды. Шахмат ойыны барысында адам миының оң және сол жақ жарты шары бірдей жұмыс істейді. Ойыншы әрбір жүрісінің алдында қадамдарын жоспарлайды. Специализированный лицей №178дің 6 "Е" сынып оқушысы Сейлбек Шерзатхан "KAISSA" Шахмат Өнер орталығының ұйымдастыруымен өткізілген "Wunderkind Chess Battle" турнирына қатысып, III орынды иеленді. Біліміңді шыңдай бер, алда тек жүлделі орындар алғайсың!!!
«Мен және менің сыныбым» тақырыбында психологиялық тренинг өткізді.
15
февраль
2022
«Мен және менің сыныбым» тақырыбында психологиялық тренинг өткізді.
Специализированный лицей №178 психологі Г.Ж. Жамалова «Мен және менің сыныбым» тақырыбында психологиялық тренинг өткізді. Тренинг мақсаты: Школьникам өмірде адамнан асқан құндылық жоқ екендігін түсіндіре отырып, бақытты өмір сүру үшін өзін-өзі психологиялық тұрғыдан дайындауға, жеке қасиеттерін білуге тәрбиелей отырып, дұрыс қарым-қатынасқа түсу мәдениетін және жағымды «Мен» концепциясын қалыптастыру.
11-сынып оқушыларымен «Тұлғаның басымдылық деңгейін анықтау» тақырыбында тренинг өткізді.
15
февраль
2022
11-сынып оқушыларымен «Тұлғаның басымдылық деңгейін анықтау»
Специализированный лицей №178дің психологі Ж.А.Агажанова 11-сынып оқушыларымен «Тұлғаның басымдылық деңгейін анықтау» тақырыбында тренинг өткізді. Тренингтің басты мақсаты оқушылардың өздеріне деген сенімін қалыптастырып, айналасында болып жатқан оқиғалардан өз бетінше ой түйіп, шешім шығаруға дағдыландыру. Жеткіншектің тұлға ретінде қалыптасу үрдісі өзіне сенімі қалыптасқанда ғана нәтижелі болады.
2022 жылдың 14-19 ақпан аралығында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың аудандық кезеңі Специализированный лицей №178де өткізілуде.
15
февраль
2022
2022 жылдың 14-19 ақпан аралығында жалпы білім беретін пәндер бойынша
2022 жылдың 14-19 ақпан аралығында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың аудандық кезеңі Специализированный лицей №178де өткізілуде. 14 ақпан күні 9-11 сыныптарға биология және информатика пәндері бойынша оқушылар өз білімін сынауда. Алатау ауданы бойынша олимпиада кестесіне сәйкес: 📌 сағат 10:00-12:00 арасында 9 сынып оқушылары; -📌 сағат13:00-15:00 арасында 10 сынып оқушылары; 📌 сағат 16:00-18:00 аралығында 11 сыныптың ізденімпаздары өзара білім сынағына түседі. ❗Барлық
«Карантин кезеңіндегі бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі: проблемалар мен жаңа мүмкіндіктер»тақырыбында жазғанжұмысымен экономика секциясы бойынша республикалық ғылыми жоба байқауының ақтық кезеңіне жолдама алды. ғылыми-зерттеу жұмысы.
15
февраль
2022
«Карантин кезеңіндегі бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі:
Специализированный лицей №178дің 11 сынып оқушылары Абылайханұлы Нұрдаулет және Меркибек Камилла «Карантин кезеңіндегі бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі: проблемалар мен жаңа мүмкіндіктер» тақырыбында жазған ғылыми-зерттеу жұмысымен экономика секциясы бойынша республикалық ғылыми жоба байқауының ақтық кезеңіне жолдама алды. Жетекшілері: Специализированный лицей №178 директоры Шадиев Қайратбек Хамзаханұлы және Абдраймов Айдын Абдраимұлы. Республикалық кезеңде жеңіспен оралуға тілектеспіз!
Педагог-психолог Ш.С.Асилова 6-сынып оқушыларымен  тренинг жүргізді.
14
февраль
2022
Педагог-психолог Ш.С.Асилова 6-сынып оқушыларымен тренинг жүргізді.
№178 мамандарылған лицейдің педагог-психологы Ш.С.Асилова 6-сынып оқушыларымен тренинг жүргізді. Оқушылардың бір-бірімен жақындай түсіуіне және жеке тұлға арасында жағымды қарым-қатынас орнату,есте сақтау қабілетін дамыту.