Школьникам » Страница 7 » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Коммунальное
государственное учреждение
"Специализированный лицей №178"
Управления образования города Алматы
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Версия для
слабовидящих
11-сынып оқушылары жаратылыстану-математика циклы пәндері бойынша XVІ Президенттік олимпиаданың қалалық кезеңінің жеңімпаздары атанды
10
ноябрь
2023
11-сынып оқушылары жаратылыстану-математика циклы пәндері бойынша XVІ
     Жаратылыстану-математика циклы пәндері бойынша XVІ Президенттік олимпиаданың қалалық кезеңінің жеңімпаздары - Специализированный лицей №178дің 11-сынып оқушылары Мырзабекова Марал мен Токаева Айгерим салтанатты түрде І дәрежелі дипломмен марапатталды.      Жалынды да талантты оқушыларымыздың жеткен жетістіктері құтты болсын! Алдағы республикалық кезеңде оларға тек қана сәттілік тілейміз!
7-8 сыныптар арасында «Рубик, кубик» текшесін жинақтау байқауы өткізілді
10
ноябрь
2023
7-8 сыныптар арасында «Рубик, кубик» текшесін жинақтау байқауы
     Специализированный лицей №178де "ЖасStar" өзін-өзі басқару парламент ұйымының ұйымдастыруымен 7-8 сыныптар арасында «Рубик, кубик» текшесін жинақтау байқауы өткізілді. Нәтижесінде: 1-орынды Кайрхан Нұржан, 7 "Б" сынып оқушысы; 2-орынды Қуаныш Мейірлан, 7 "Г" сынып оқушысы; 3-орын Ихсан Шерухан, 8 "Д" сынып оқушысы жеңіп алды.     «Рубик, кубик» текшесін жинақтау байқауын ұйымдастырғаны үшін 8 "Д" сынып оқушысы Мырзахмет Ақжарқын лицей директорының алғыс хатымен марапатталды. 
"Оқушылар сарайы" МКҚК  ұйымдастыруымен "Медеу -2023" марафоны өткізілді.
03
ноябрь
2023
"Оқушылар сарайы" МКҚК ұйымдастыруымен "Медеу -2023" марафоны
Туристік-өлкетану қызметін жандандыра отырып, балалар мен жасөспірімдердің патриоттық және азаматтық сезімдерін қалыптастыру, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында 2023 жылдың 3 қарашасында Коммунальное Управления образования "Оқушылар сарайы" МКҚК  ұйымдастыруымен "Медеу -2023" марафоны өткізілді. Қалалық деңгейде өткен бұл туристік марафоннан лицей оқушылары да қалыс қалған жоқ. Сондай-ақ, лицей шәкірттері қатарына ағымдағы жылы ғана қосылса да, үздіктер қатарынан көрінген 7-сынып оқушылары
Ақтөбе қаласында жас тарихшылардың «Менің шағын Отаным» атты республикалық интеллектуалдық конкурсы өтті.
01
ноябрь
2023
Ақтөбе қаласында жас тарихшылардың «Менің шағын Отаным» атты
     2023 жылдың 29 қазаны мен 1 қарашасы аралығында Ақтөбе қаласында жас тарихшылардың «Менің шағын Отаным» атты республикалық интеллектуалдық конкурсы өтті. Республикалық кезеңнің қорытындысы бойынша Специализированный лицей №178іміздің 10 "Г" сынып оқушысы Байжұма Айзере «Шағын Отанымның символы» номинациясы бойынша 🥉орынға ие болды. 🏆 Дарынды оқушымыздың жеткен жетістіктігімен құттықтаймыз  
9 "Ж" сынып оқушысы Қали Дария “Ұшқын” балалар мен жасөспірімдер республикалық байқауында “Аспаптық орындаушылық“ номинациясы бойынша 3- орын алып,дипломмен марапатталды.
30
октябрь
2023
9 "Ж" сынып оқушысы Қали Дария “Ұшқын” балалар мен жасөспірімдер
     Специализированный лицей №178дің 9 "Ж" сынып оқушысы Қали Дария “Ұшқын” балалар мен жасөспірімдер республикалық байқауында “Аспаптық орындаушылық“ номинациясы бойынша 🥉 орын алып,дипломмен марапатталды.
7-8 сынып қыздарының арасында "Күз ханшайымы-2023" байқауы өтті
27
октябрь
2023
7-8 сынып қыздарының арасында "Күз ханшайымы-2023" байқауы өтті
     27 қазанда 7-8 сынып қыздарының арасында "Күз ханшайымы-2023" байқауы өтті. Сайысқа 16 қыз қатысып, өнерлерін көрсетті. "Талапты бала талпынған құстай, құмары қанбас биікке ұшпай" - демекші, қыздарымыз көрермендерге көтеріңкі көңіл-кдомсыйлап, өнерлерімен тамсандырды.  Қазылар алқасының шешімімен 7-сынып оқушылары арасында Мауленова Айлин Бас жүлдені, Үкіметхан Айғаным I орынды, Дүйсен Жібек  II орынды, Русланқызы Айзере III орынды иеленсе, 8-сынып оқушылары арасында Бас жүлдені Бекен
Лицей оқушылары қалалық «Алтын күз - 2023» туристік жарысының жеңімпазы атанды
21
октябрь
2023
Лицей оқушылары қалалық «Алтын күз - 2023» туристік жарысының
     2023 жылғы 21 қазанда туристік және өлкетану қызметін жандандыру арқылы балалар мен жастардың патриоттық және азаматтық сезімін тәрбиелеу, салауатты өмір салтын насихаттау мен туристік дағдыларды қалыптастыру, мейірімді және мәдениетті тұлғаны тәрбиелеу мақсатында Коммунальное оқушыларының қатысуымен «Алтын күз - 2023» қалалық туристік жарысы өтті. Бірнеше кезеңді сайыста лицей командасы топ жарып, жеңімпаз атанды. Бұл жеңіс лицей абыройын жалау еткен оқушыларымыздың еңбегінің жемісі.
25 қазан - Республика күніне орай 9-сынып оқушылары арасында қол күрестен жасрыс өткізілді
20
октябрь
2023
25 қазан - Республика күніне орай 9-сынып оқушылары арасында қол
25 қазан - Республика күніне орай 20 қазанда Специализированный лицей №178де «ЖасStar» өзін-өзі басқару ұйымы Спорт клубының ұйымдастыруымен 9-сынып оқушылары арасында қолкүрестен жарыс өткізілді. Білекті оқушылар қатарынан табылған Ешмұхамет Қанатбек 1-орынды, Қуанышбек Ильяс пен Сәбит Нұрым 2-орынды, Аманбай Нұрасыл, Жұмабек Қажыкелді мен Азимхан Елжас 3-орынды еншіледі. Ел тірегі болар азаматтарымыз көп болсын! Жеңістеріңізбен құттықтаймыз!
Республика күніне орай "Менің арманымдағы Қазақстан" тақырыбында эссе байқауы өткізілді
20
октябрь
2023
Республика күніне орай "Менің арманымдағы Қазақстан" тақырыбында эссе
     25 қазан - Республика күніне орай Специализированный лицей №178де "ЖасStar" өзін-өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен 9-10 оқушылары арасында "Менің арманымдағы Қазақстан" тақырыбында эссе байқауы өткізілді. Байқау барысында, оқушылар өздерінің болашақта көргісі келетін Қазақстан жайлы өз ойларын пайымдап, ақ қағаз бетіне түсірді. Нәтижесінде: 1-орынды 9"Ә" сынып оқушысы Жұманазар Айиша, 2-орынды 9"Ә" сынып оқушысы Доғдырбай Айару, 3-орынды 9"Ә" сынып оқушысы Алибекұлы Абзал жеңіп алды.
8 "Ж" сынып оқушысы Абылай Бейбарыс халықаралық аспапта ойнау байқауында Бас жүлде иеленді
20
октябрь
2023
8 "Ж" сынып оқушысы Абылай Бейбарыс халықаралық аспапта ойнау
Специализированный лицей №178дің 8 "Ж" сынып оқушысы Абылай Бейбарыс Шымкент қаласында "Zhuldyz art Kazakhstan" ұйымдастыруымен өткізілген халықаралық аспапта ойнау байқауынан Гран-при иеленді. Құттықтаймыз!