Информация » Страница 7 » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Коммунальное
государственное учреждение
"Специализированный лицей №178"
Управления образования города Алматы
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Версия для
слабовидящих
Астана қаласында Математика мен Физика пәндерінен республикалық олимпиаданың жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті
21
март
2024
Астана қаласында Математика мен Физика пәндерінен республикалық
      Бүгін, 21 наурыз – Ынтымақ күні Астана қаласында Математика мен Физика пәндерінен республикалық олимпиаданың жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.  Республика бойынша “Жүзден жүйрік мыңнан тұлпар” атанған 329 (математика - 169 қатысушы, физика - 160 қатысушы) оқушы арасында Специализированный лицей №178дің 11-сынып оқушысы Қайса Нуриддин математика пәні бойынша ҚОЛА медаль және 8-сынып оқушысы Турлубек Ескендір физика пәні бойынша ҚОЛА медаль жеңіп алды.         Шын дарын білім додасында
10-сынып оқушылары Санжар Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медициналық Университетіне ғылыми ақпараттық саяхат-сабағына барды
20
март
2024
10-сынып оқушылары Санжар Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық
      Лицейіміздің жаратылыстану бағыты бойынша химия-биология сыныптарында оқитын 10-сынып оқушылары Санжар Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медициналық Университетіне кәсіби бағдар беру бойынша ғылыми ақпараттық саяхат-сабағына барды. Оқушылар, университеттің "Анатомия" кафедрасының жұмыстарымен танысып, кафедрадағы белгілі мамандардың пікірлерін тыңдады. Сондай-ақ университет мұражайына саяхат жасады. Бұл саяхат-сабағы оқушыларға тың серпіліс әкелді. Осымен аталған университетке екінші
Ұлттық спорт - ұлт келбеті
20
март
2024
Ұлттық спорт - ұлт келбеті
      Бүгін, Наурызнама онкүндігіне сәйкес 20 наурыз – «Ұлттық спорт күні». Ұлттық спорт күніне орай, Специализированный лицей №178 ұстаздары ұлттық би билеп, ұлттық ойындар ойнады.       Ұлттық спорт дегенде – ұлттық рух, ұлттық намыс, тарих, мәдениетіміз бен дәстүріміз еске түседі. Қазақ халқының Ұлттық спорты – халқымыздың өмірімен бірге дамып келе жатқан мәдени жетістіктерінің маңызды бір саласы.
"Кдомкүмбірі" Республикалық челленджі
20
март
2024
"Кдомкүмбірі" Республикалық челленджі
      Коммунальное  Алатау ауданы Специализированный лицей №178 оқушылары Наурыз мерекесі қарсаңында "Кдомкүмбірі" Республикалық челленджіне қатысып, ұлттық кдомшертті. Челлендж мақсаты: оқушыларға ұлттық құндылықтарымызды құрметтеуге оны сақтап болашақ жастарға үлгі етіп көрсетуге дәріптеу.  
«Наурыздың тамаша табиғаты» тақырыбында сурет көрмесі ұйымдастырылды
19
март
2024
«Наурыздың тамаша табиғаты» тақырыбында сурет көрмесі ұйымдастырылды
      Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мейрамын тойлаудың жаңа форматы «Наурызнама» онкүндігі жалғасын тауып,  «Наурыздың тамаша табиғаты» тақырыбында Специализированный лицей №178дің 7-9 сынып оқушыларының қатысуымен сурет көрмесі ұйымдастырылды. Оқушылар көрмеге тамаша табиғат бейнеленген суреттері мен қолөнер бұйымдарын ұсынды. 
"ЖАҚСЫЛЫҚ ЖАСАП ЖАРЫСАЙЫҚ" қамқорлық акциясы
19
март
2024
"ЖАҚСЫЛЫҚ ЖАСАП ЖАРЫСАЙЫҚ" қамқорлық акциясы
     Қайырымдылық - адамның асыл қасиеттерінің бірі. Кісінің айналасындағы адамдарға деген ықыласы мен көмегін, адамгершілік қарым-қатынастарын білдіреді. Осы орайда, Наурызнама онкүндігіне сай Коммунальное, Алатау ауданы, Специализированный лицей №178дің 8 ”И” сынып оқушылары "Жақсылық жасап жарысайық" қамқорлық акциясы аясында аз қамтылған отбасыларға азық-түлік таратты. Іс-шара барысында лицей оқушылары өзара көмек пен қайырымдылықтың мерекесінде Наурыз мейрамымен де құттықтады. 
«Ұлыстың ұлы күні - Әз Наурыз» тақырыбында ашық тәрбие сағаты өтті
19
март
2024
«Ұлыстың ұлы күні - Әз Наурыз» тақырыбында ашық тәрбие сағаты өтті
     Алатау ауданы, Специализированный лицей №178дің 8 "Б" сынып оқушыларымен Наурызнама аясында «Ұлыстың ұлы күні - Әз Наурыз» тақырыбында ашық тәрбие сағаты өтті.        Мақсаты - Ұлыстың ұлы күнін мерекелеу қарсаңында оқушыларға қазақ халқының ұлттық мерекесі «Наурыз мейрамы» жайлы түсінік бере отырып, халқымыздың салт-дәстүрлерін бойларына дарыту, оқушыларды шынайылыққа, адамгершілікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу. Сынып жетекшісі: Ханасилова С.
Қыз – ұлттың айнасы
18
март
2024
Қыз – ұлттың айнасы
      Наурыз мерекесі қарсаңында лицейімізде «Қыз – ұлттың айнасы» атты қыз сыны байқауы өтті. 9-10 сынып оқушылары арасында өткен бұл байқау жоғары деңгейде ұйымдастырылып, тартымдылығымен, қызыққа толы көріністерімен ерекшеленді. Бірнеше бөлім бойынша – таныстырылым, ән айту, би билеу, интеллектуалдық сұрақтар, дефиле, қолөнер жұмыстары секілді сан түрлі өнерлерін ортаға салып, көрермендердің қызығушылығын тудырды. Байқау соңында жеңімпаздар мен жүлдегерлер марапатталып, арнайы сыйлықтар
Орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ханасилова Сабина Курымбаевна «Я профессионал» олимпиадасының қалалық кезеңінің жүлдегері атанды
18
март
2024
Орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ханасилова Сабина Курымбаевна «Я
      2024 жылы 14 ақпан күні «Я профессионал» олимпиадасының қалалық кезеңі өткізілді. Пәндік құзыреттілікті дамыту; кәсіби өсуді ынталандыру; қоғамдағы педагог мамандығының беделін арттыру мақсатында өткізілген олимпиадада лицейдің орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ханасилова Сабина Курымбаевна жүлделі ІІІ орынды иеленді. Құттықтаймыз! 
Ұлттық киім - ұрпаққа мұра
18
март
2024
Ұлттық киім - ұрпаққа мұра
      "Біртұтас тәрбие" бағдарламасы негізінде Ұлттық киім күніне орай «Ұлттық киім - ұрпаққа мұра» тақырыбында лицей оқушыларымен ұлттық челлендж түсірілді. Мақсаты: ұлттық киімді дәріптеу мен ұлықтау, ұлттық киімдерді таныстыру.