Ұстаздар күніне арналған мерекелік іс-шара » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Коммунальное
государственное учреждение
"Специализированный лицей №178"
Управления образования города Алматы
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Версия для
слабовидящих
» » Ұстаздар күніне арналған мерекелік іс-шара
05
октябрь
2019

Ұстаздар күніне арналған мерекелік іс-шара

     2019 жылғы 05 қазан күні Коммунальное Алатау ауданы № 178 лицейдің салтанат залында Преподаватели күніне арналған мерекелік шара өтті. Мерекелік шараға лицейдің ұлағатты ұстаздары мен оқушылары қатысты.Лицейіміздің директоры К.Х. Шадиев ұлағатты ұстаздарды кәсіби мерекесімен құттықтап, жаңа оқу жылында сәттілік тіледі.
   
«Білім - біліктілікке жеткізер баспалдақ, ал біліктілік - сол білімді іске асыра білу дағдысы», - деп Ахмет Байтұрсынұлы айтқандай, білімі мықты, білігі жоғары жаңашыл ұстаздар біздің оқу ордамызда да жеткілікті.
Өз істерінің жоғары деңгейдегі мамандары атанған осы бір құрметті жандардың тынымсыз еңбектерінің арқасында жоғары оқу орнынан мыңдаған шәкірттеріміз заман сұранысына сай білікті маман болып  шығуда.
     Кәсіби мереке қарсаңында білім және ғылым саласына өздерінің елеулі үлестерін қосып, жас ұрпақты білім нәрімен сусындатып, әрі өнегелі тәлім-тәрбие беріп жүрген ұлағатты ұстаздарға «Айрықша еңбегі үшін» алғыс хаттар мен грамоталар табысталды.     Шәкірттер санасына білім сәулесін шашып, ғылымның шырағын жағып жүрген ұлағатты ұстаздарға ақ тілектер мен ыстық ықылас білдірген білім ордасының     11 сынып оқушылары мерекелік концерт ұйымдастырып, жиылған қауымға ерекше көңіл-кдомсыйлады.
      Білім мен ғылымға арнаған істеріңіз абыройлы болып, құрметтеріңіз әрдайым арта берсін! Болашақтың тұғыры жастарымыз білімді де іскер болсын! Тәуелсіз еліміз көркейіп, өркендей берсін!
 Мерейлi мерекелерiңiз құтты болсын, қымбатты Ұстаздар!

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: