ZOK juniors командасы Орталық Азиядағы робототехника чемпионатының жүлдегері атанды » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Коммунальное
государственное учреждение
"Специализированный лицей №178"
Управления образования города Алматы
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Версия для
слабовидящих
» » ZOK juniors командасы Орталық Азиядағы робототехника чемпионатының жүлдегері атанды
26
февраль
2024

ZOK juniors командасы Орталық Азиядағы робототехника чемпионатының жүлдегері атанды

     Астанада робототехника бойынша Орталық Азиядағы ең ірі чемпионат аяқталды. Оған әлемнің 5 елінен 3000-нан астам оқушы қатысты. Олар Қазақстанда және шетелдерде өткен іріктеу чемпионаттарында үздік шығып, квота алған 200-ден астам команда.
      Чемпионат дүниежүзілік FIRST бағдарламасы аясында үш жас санатында өтті: FLL Explore (6-10 жас), FLL Challenge (10-16 жас) және FIRST Tech Challenge (12-18 жас). Чемпионатқа роботтар ойынынан басқа инновациялық жобалар байқауы мен төрешілер сессиялары кіреді. 
      Специализированный лицей №178ден ZOK juniors командасы  қатысып, «Innovate award» ІІІ орын иеленді. Жарыстың басты орындарынан бөлек, команда капитаны 11 сынып оқушысы Санатұлы Олжас АУЭС университетіне 4 жылдық грант ұтып алды.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: