11
декабрь
2023
"ZOK JUNIORS" клубының мүшелері №181 жалпы білім беретін мектеп оқушыларына робототехника әлемі туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді
Специализированный лицей №178 әкімшілігінің қолдауымен құрылған робототехникадан "ZOK JUNIORS" клубының мүшелері Сарқытбай Медина мен Исаева Жарқынай №181 жалпы білім беретін мектеп оқушыларына робототехника әлемі мен ондағы негізгі жаңалықтарды жеткізу мақсатында түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Осы іс-шараның өтуіне қолдау көрсеткені үшін #181 жалпы білім беретін мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Сәкен Нұржанұлына өз алғысымызды білдіреміз!
Құрметпен, #178 мамандандырылған лицей әкімшілігі.