13
декабрь
2019
«Елімнің бақытын тербеткен – Тәуелсіздік»
Алатау ауданына қарасты №179 жалпы білім беретін мектебінде «Елімнің бақытын тербеткен – Тәуелсіздік» тақырыбында аудандық семинар өткізілді.
№179 жалпы білім беретін мектебінде «Елімнің бақытын тербеткен – Тәуелсіздік» тақырыбында өткен аудандық семинарға лицей директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Гүлжан Сауытовна мен аға тәлімгер Әбілқайыр Тілеужан барып, аталған білім беретін мектеп оқушыларының ашық сабағына қатысып келді.
Семинар соңында №179 жалпы білім беретін мектеп мұғалімдері мен оқушылары дайындаған Тәуелсіздік күніне арналған мерекелік кештің куәгері болды.