15
декабрь
2023
ТӘУЕЛСІЗДІК - ЕЛІМНІҢ ЕРЛІК ЖОЛЫ!
Ата-бабаларымыз ғасырлар бойы армандап өткен тәуелсіз ел болу мәртебесін көру – бүгінгі ұрпаққа бұйырған зор бақыт. Бұл күнді атап өту – тәуелсіздікті нығайту жолындағы өлшеусіз еңбектің бүгінгі белесін қорытындылайтын мерейлі сәт.
Бүгін, Специализированный лицей №178де Тәуелсіздік мерекесіне орай «Тәуелсіздік – елімнің ерлік жолы!» атты салтанатты іс-шара өткізілді.
Мерекелік кеште директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Г.А.Байтелиева лицей қауымын ұлтымыздың ұлық мерекесі Тәуелсіздік күнімен құттықтап, азаттық алған жылдар ішіндегі еліміздің толағай табыстарын саралай келе, ұстаздарға салтанатты түрде алғыс хаттар табыстады.
Күмбірлеген домбыра үнінен бастау алған салтанатты шара лицей өнерпаздарының мерекелік концертіне ұласып, көрермендер әдемі би мен әсем әндеріне қанықты.