18
ноябрь
2023
11 «А» сыныбының ата-аналарымен «Саналы ұрпақ - жарқын болашақ» тақырыбында ата-аналар жиналысы өтті
2023 жылдың 18 қараша күні Коммунальное Алатау ауданы Специализированный лицей №178дің 11 «А» сыныбының ата-аналарымен «Саналы ұрпақ - жарқын болашақ» тақырыбында ата-аналар жиналысы өтті. Жиналыста:
- Жеке оқушылардың және сыныптың білім үлгерімі, ішкі тәртібі, сынып мәселесі;
- «Баланың бас ұстазы – ата-ана» тақырыбында сынып жетекшісі Эльмира Жанатқызы;
- Лицейдің ішкі тәртібі, балалардың тәртібі жайлы директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Шолпан Әубәкірқызы;
- Балалардың денсаулығына байланысты мәселелер бойынша медбике Рахметуллаева Айнұр ерекше тоқталып өтті.
Жиналыс барысында ата-аналар өз тараптарынан лицей ұжымына, пән мұғалімдеріне ризашылығын білдіріп, әртүрлі сұрақтарға жауап алды, өздерінің ұсыныстары мен пікірлерін білдірді. «Ұл-қыздарымыздың саналы тәрбие мен нақты білім алуына жұмыла күш салайық. Баланың ерік-жігерін шыңдап, оқыту мен адамгершілікке тәрбиелеп, бірлесе, ынтымақтаса әрекет етейік» – деп сынып жетекшісі Э.Ж.Рапилова жиналысты қорытындылады.