«Ұрпақ болашағы – тәрбие мен білімде» тақырыбында жалпы ата-аналар жиналысы өтті » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Коммунальное
государственное учреждение
"Специализированный лицей №178"
Управления образования города Алматы
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Версия для
слабовидящих
» » «Ұрпақ болашағы – тәрбие мен білімде» тақырыбында жалпы ата-аналар жиналысы өтті
16
сентябрь
2022

«Ұрпақ болашағы – тәрбие мен білімде» тақырыбында жалпы ата-аналар жиналысы өтті

🔻 Специализированный лицей №178де «Ұрпақ болашағы – тәрбие мен білімде» тақырыбында жалпы ата-аналар жиналысы өтті. Жиналысты лицей директоры Шадиев Қайратбек Хамзаханұлы бастап, жиналған жұртты жиынның күн тәртібімен таныстырды.
🔹 Басқосуда 2022-2023 оқу жылындағы оқу-тәрбие үдерісіндегі ерекшеліктер, дарынды және талантты балалармен жұмыс, лицейдің ішкі тәртібі туралы ата-аналарға ДОІЖО Г.А. Байтелиева, Ә.Қ. Баймұратов, ДТІЖО Б.Н. Кутумов баяндап берді.
🔸 Бала тәрбиесінде отбасының алар орны ерекше, оған әрбір ата-ананың белсене атсалысуының маңыздылығы жайында «Балалықтан даналыққа» тақырыбында психолог Раушан Дәулетқызы ата-аналармен тренинг өткізді.
🔹 «Тәрбиенің бастауы – отбасы», «Баланы тәрбиелеме, өзіңді тәрбиеле, себебі, бала сенен көргенін қайталайды» деп лицей директоры Қ.Х. Шадиев ата-аналармен панельдік сессия жүргізді.
🔺 Қорыта келе, лицей мен ата-аналар бірлесе әрі ынтымақтаса әрекет ету арқылы сапалы білім мен саналы тәрбиеге қол жеткіздіруге болады.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: