«Ақылды ұрпақ» атты жас ғалымдармен оn-line кездесу өтті » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Коммунальное
государственное учреждение
"Специализированный лицей №178"
Управления образования города Алматы
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Версия для
слабовидящих
» » «Ақылды ұрпақ» атты жас ғалымдармен оn-line кездесу өтті
08
апрель
2021

«Ақылды ұрпақ» атты жас ғалымдармен оn-line кездесу өтті

   2021 жылы 8 сәуірде «Ғылым және технология» айы аясында Алатау ауданы білім беру мекемелерінің оқушыларының қатысуымен Специализированный лицей №178де «Ақылды ұрпақ» атты жас ғалымдармен оn-line кездесу өтті. Іс-шараның ұйымдастырушысы - директордың ғылыми-ісі жөніндегі орынбасары Досқожаева Н.Е. Кездесудің мақсаты - оқушыларға ғылым әлемінің құпия сырларын ашатын жас ғалымдардың ғылыми зерттеу жұмыстарымен таныстыру және оқушылардың әртүрлі саладағы ғылыми-зерттеу қызметіне қызығушылықтарын арттыру. Кездесуді Специализированный лицей №178 директоры, экономика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған проф. міндетін атқарушы Шадиев Қ.Х. жүргізді.
      Қонақ ретінде Абай атындағы ҚазҰПУ жас ғалымдары, қазақ тілі пәнінің оқытушысы, филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Жиренов С.А., филология және көптілді білім беру институты, шетел тілдері кафедрасының оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі Абдрахманов Д.Д.,  «Физика» кафедрасының қауымдастырылған профессоры, физика-математика ғылымдарының кандидаты Рыстыгулова В. Б. және жас ғалым, академик, PhD докторы Нұрлыбаев Р.Е. қатысты.
      Қатысушылар ғылым әлеміндегі өз ойларымен бөлісіп, ғылыми қызметтері туралы әңгімеледі. Оқушылар қонақтарға көптеген сұрақтар қойып, олардан мағыналы да тұщымды жауаптар алды.



 
















Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: