30
январь
2021
Жаратылыстану пәндері кафедрасының онкүндігі аясында өткен ашық сабақтар
2021 жылдың 30 қаңтар күні биология пәнінен 6 "Г" сыныбында "Жасуша компоненттерін анықтау" тақырыбында /пән мұғалімі Нуртай М.Б./, химия пәнінен 7 "Е" сыныбында "Периодтық жүйенің құрылымы" тақырыбында /пән мұғалімі Тәліп М.Н./, ашық сабақтар өткізілді. Ашық сабақтарда оқытудың белсенді әдіс-тәсілдері, шығармашылық жұмыс, викториналық сұрақтар, сандық білім беру ресурстары ұтымды қолданылды. Оқушылар пәнге деген қызығушылығын, білімдерін, шапшаң ойлау қабілеттерін көрсетті. Жас мамандар ашық сабақта ақпаратты-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып өз мақсаттарына жетті.