28
январь
2021
Жаратылыстану пәндері кафедрасының онкүндігі аясында өткен ашық сабақтар
2021 жылдың 28 қаңтар күні география пәнінен 9 "В" сыныбында "Қазақстанның ірі физикалық-географиялық аудандары" тақырыбында /пән мұғалімі Кенжебаева Ж.О./, Кәсіпкерлік және бизнес негіздерінен 10 "З" сыныбында "Маркетинг-микс" тақырыбында /пән мұғалімі Абдраимов А.А./, өзін-өзі тану пəнінен 6 "В" сыныбында "Сыныптағы достық" тақырыбында /пән мұғалімі Улдаканова Т.Р./ ашық сабақтар өткізілді. Преподаватели оқытудың белсенді әдіс-тәсілдері: шығармашылық жұмыс, блиц турнир, викториналық сұрақтар, пікірлесу, ақпаратты сүзу, сандық білім беру ресурстарын ұтымды қолданды. Сабақтағы оқушылардың ынтымақтастығы жоғары деңгейде көрсетілді. Оқушылар сессия залдарына бөлініп, топтық жұмысты бірлесе атқарды. Бағалау критерийлері арқылы білім алушылар бірін-бірі бағалады.