29
январь
2021
Жаратылыстану пәндері кафедрасының онкүндігі аясында өткен ашық сабақ пен коучинг
2021 жылдың 29 қаңтар күні 9 "Ә" сыныбында химия пәнінен "Күкірт қышқылы және оның тұздары" тақырыбында /пән мұғалімі Гүлназ Разуанқызы/ оффлайн форматта ашық сабақ өткізілді. Сабақ барысында тәжірибелер көрсетілді. Бағалау критерийлері арқылы білім алушылар бірін-бірі бағалады.
Сонымен қатар, «Формативті бағалау - оқушылардың сабаққа ынтасын арттыру тәсілі» тақырыбында /коуч Кенжебаева Ж.О./ оффлайн форматта коучинг өткізілді. Коучингтің мақсаты: мұғалімдердің формативті бағалау туралы түсініктерін қалыптастыру, оқу үдерісінде формативті бағалау әдістерін қолдануға бағыт-бағдар беру. Белсенді әдіс-тәсілдер: фишбоун, ментальды карта, FILA кестесі, сыни тұрғысынан ойлау, сандық білім беру ресурстары ұтымды қолданылды.