“Тіл мен әдебиетті оқытудағы құндылыққа бағытталған білім беру ”
Ы.Алтынсарин академиясы ұйымдастырған “Тіл мен әдебиетті оқытудағы құндылыққа бағытталған білім беру (қазақ тілі. Қазақ әдебиеті. Шет тілдері. Орыс тілі мен әдебиеті)” тақырыбында онлайн форматта тамыз маслихаты өтті. Құндылық тақырыбы қай уақытта да өзекті болған, бола да бермек. Ол бала тәрбиесінде жақсы мен жаманды ажырата алатын жастан басталу керек. Құндылықтарға сабақта арнайы тоқтаудың қажеті жоқ, ол үнемі кезкелген сабақтың өн бойында көрініп тұруы керек деген тұжырым жасалды.