Лицей мұғалімдерін "ALMATY USTAZY" байқауына шақырамыз!
2022 жылдың 1-10 тамыз аралығында 36 жасқа дейінгі дарынды және шығармашыл жас мұғалімдерді іріктеу мақсатында «АLMATY USTAZY» байқауы өтеді. Өтінімдер almatyustazy.kz порталында қабылданады. Байқау кезеңдері: 1 кезең – «Менің оқыту философиям»; 2 кезең – «Кәсіби ұстаз»; 3 кезең – «Көшбасшы ұстаз». Байқау қорытындысы бойынша 5 жеңімпазға Финляндияда тағылымдамадан өту сертификаттары беріледі. Лицейдің барша мұғалімдерін «АLMATY USTAZY» байқауына қатысуға шақырамыз!!!