Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 11-сыныптарда қорытынды аттестаттау өткізілді
05
июнь
2026

11-сыныптарда қорытынды аттестаттау өткізілді

2026 жылғы 05 маусым күні 11-сынып білім алушылары үшін «Алгебра және анализ бастамалары» пәнінен қорытынды аттестаттау емтиханы өткізілді.
Емтихан Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің нормативтік-құқықтық құжаттарына сәйкес ұйымдастырылып, бекітілген кесте бойынша жүргізілді. Емтихан барысында білім алушылардың оқу бағдарламасын меңгеру деңгейі, математикалық сауаттылығы, есеп шығару дағдылары мен теориялық білімдері бағаланды.
Қорытынды аттестаттау талапқа сай ұйымдастырылып, емтиханның өткізілу тәртібі толық сақталды. Білім алушыларға қажетті жағдайлар жасалып, академиялық адалдық қағидаттарының орындалуы қамтамасыз етілді.
Қорытынды аттестаттау 11-сынып түлектерінің білім деңгейін айқындауға және олардың жалпы орта білім беру бағдарламасын меңгеру сапасын бағалауға мүмкіндік берді.



Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: