03
июнь
2026
«Ғылымға бастар жол: «Жасанды интеллект дәуірі: II Жас зерттеушілер» форумындағы жетістіктер»
Алматы қаласында ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Орта білім беру комитеті Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық ғылым академиясының 80 жылдық мерейтойына орай, академиямен бірлесіп және «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының қолдауымен «Жасанды интеллект дәуірі: II Жас зерттеушілер» форумы өткізілді.
«Жасанды интеллект дәуірі: II Жас зерттеушілер» республикалық форумында №178 мамандандырылған лицейдің оқушылары жоғары деңгейде өнер көрсетті. Форум барысында лицей оқушылары Наурызбай Алихан мен Амирбай Иманғали ғылыми баяндамаларын сәтті қорғап, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық ғылым академиясының президенті Ақылбек Қажығұлұлы Күрішбаевтың арнайы Алғыс хатымен марапатталды.
Бұл жетістік – оқушыларымыздың ғылымға деген қызығушылығы мен ізденімпаздығының, сондай-ақ жетекшілерінің жемісті еңбегінің нәтижесі. Жас зерттеушілерімізді құттықтап, алдағы ғылыми ізденістеріне толағай табыс пен жаңа жетістіктер тілейміз!
