Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Рәміздер – ұлттың айбыны» танымдық сабағы өтті
04
июнь
2026

«Рәміздер – ұлттың айбыны» танымдық сабағы өтті

4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай 9-сынып оқушыларымен АӘТД пәні мұғалімі Құрмансейтов Б. “Рәміздер – ұлттың айбыны” тақырыбында танымдық сабақ өткізді. Сабақ барысында оқушылар мемлекеттік рәміздердің шығу тарихы, маңызы мен олардың ел тәуелсіздігіндегі орны туралы мол мағлұмат алды. Сонымен қатар, Ту, Елтаңба және Әнұранның әрбір қазақстандық үшін қастерлі құндылық екені кеңінен түсіндірілді. Танымдық сабақ жас ұрпақтың елге деген сүйіспеншілігін арттырып, патриоттық рухын нығайтуға бағытталды. Оқушылар өз ойларын ортаға салып, белсенділік танытты. Еліміздің рәміздері әрдайым биікте желбіреп, Тәуелсіз Қазақстанымыздың мәртебесі асқақтай берсін!

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: